- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті
Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті
Парламент жоғарғы палатасының басшысы Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтіп, БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысқаны үшін ризашылық білдірді.
«Қазақстан БҰҰ-ның мақсаттары мен міндеттерінен еш айнымайды, қазіргі замандағы маңызды мәселелерді шешудегі Ұйымның басты рөлін нығайтуды жақтайды. Қазақстан тұрақты емес мүше болып сайланған БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың ең негізгі тетігі болып табылады», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.
Жүздесушілер БҰҰ аясында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ортақ күш-жігерді үйлестіру жолдарына қатысты пікір алмасты. Климат өзгерістерімен тиімді күрес үшін Париж келісімінің негізгі ережелерін орындаудың маңыздылығы атап өтілді. Сенат Төрағасы бұл құжатты уақытында ратификациялаған Қазақстанның оның ережелерін іске асыруға қатысуға әзір екенін айтты. Кездесу барысында Астана халықаралық қаржы орталығының,
«Жасыл» технологияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың және «Болашақтың энергиясы» инвестициялық жобалар аясында БҰҰ-мен ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.
Э.Солхейм Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу үрдісін қызу қолдауға ниет білдірді және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша аймақтық ынтымақтастықты нығайту жайында айтты.
Қ.Тоқаев ЮНЕП Хатшылығының Алматыда Субаймақтық бюросын ашу туралы шешімі үшін алғыс айтты. Ол бұл қаланы көптарапты дипломатия үшін аймақтық торапқа айналдыруға ықпал етеді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді