- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР АШМ шаруаларды отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға ынталандыруда
ҚР АШМ шаруаларды отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға ынталандыруда
Егер бұрын шетелде шығарылған бір комбайн үшін 30 млн теңгеден астам субсидия берілсе, қазір бұл қаражатқа отанымызда шығарылған 3 комбайн субсидияланады. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды инвестициялық субсидиялау механизмі өзгерген.
Осы ретте шетелдік техника да субсидияланатын болады, алайда, ол қымбат болғандықтан, 5-7% деңгейінде өтеледі, ал отандық техниканы сатып алу кезіндегі субсидия 25% деңгейінде болмақ.
«Бүгінде талап етілетін ауыл шаруашылығы техникасын шығару мен сатып алуды ынталандыру мақсатында «ҚазАгро» АҚ желісі бойынша отандық ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5,5 % мөлшерлемемен (қазір 16-17%) 7-10 жыл мерзіміне лизингке сатып алуды жеңілдікті несиелендіру бағдарламасын іске асыруға 5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген», - деп бөлісті Қайрат Айтуғанов.
Сондай-ақ, спикердің айтуынша, отандық зауыттарды жабдық сатып алу мен жаңартуға жеңілдікті несиелендіру бағдарламасы да іске асырылуда. Бағдарламаға Қазақстанның агроинновациялық корпорациясы да кіреді, оның базасында Ауыл шаруашылығын механикаландыру қазақ ҒЗИ әзірлеген техника шығарылады. Қаржы операторы болып «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ белгіленді», - деп атап өтті бірінші вице-министр.
Спикердің ақпараты бойынша, жыл сайынғы тиісті қаржыландыру кезінде 5 жыл ішінде техника өндірісі 2 есе ұлғаяды, ал ауыл шаруашылығы техникасының импорт үлесі кемінде 20 пайызға қысқарады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды