• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан отандық ауыл шаруашылығы техникасы түрлерін көбейтуді мақсат етіп отыр

Қазақстан отандық ауыл шаруашылығы техникасы түрлерін көбейтуді мақсат етіп отыр

24 Тамыз, 2017 18:34
Қазақстан отандық ауыл шаруашылығы техникасы түрлерін көбейтуді мақсат етіп отыр, бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Қайрат Айтуғанов хабарлағандай, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің отандық техникаға қолжетімділігін арттыру үшін «ҚазАгро» холдингі аспалы және тіркемелі жабдықтарды сатып алуға 4 млрд теңгені «пилоттық» несиееу үшін бөлді. Бағдарламаның қаржы операторы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ болады.

«Бүгінде республика бойынша ауыл шаруашылығы техникасы негізгі түрінің 284 мың данасы бар. Оның 70%-ның эксплутациялау мерзімі 15 жылдан асады. Ауыл шаруашылығы техникасын дамыту және жаңалау үшін Министрлік тарапынан бірқатар іс-шаралар жоспары әзірленді»,  - деді вице-министр.

Сонымен, осындай отандық ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындардың бірі – Ақмола облысындағы «Қазақстан Агро Инновациялық корпорациясы» ЖШС болып табылады.

Аталған кәсіпорын қазіргі таңда сұранысқа ие бағасы қымбат емес аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруды аттыратындығын атап өту керек. .

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникаларын механизациялау Қазақ ғылыми зерттеу институтымен топырақ өңдеу және егіс ауыл шаруашылығы техникасын егістік алаңдарына бейімдеп құрастырып беру бойынша келісім жасалды.

Аталған іс-шара қолда бар қуатты арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өнімнің жаңа түрлерін ашуға, шығарылатын өнімнің түрлерін көбейтуге, сипаттамалары бойынша шетелдік баламаларынан кем түспейтін сапалы және арзан отандық техника өнімімен шаруалардың қамтылуына мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар