• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында елорда айналасында азық-түлік белдеуін құру аясында 10 жоба іске асырылды

Ақмола облысында елорда айналасында азық-түлік белдеуін құру аясында 10 жоба іске асырылды

6 Қаңтар, 2014 17:42
Елорда айналасында азық-түлік белдеуін құру аясында Ақмола облысында 10 жоба іске асырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Елорда айналасында азық-түлік белдеуін құру аясында Ақмола облысында жалпы құны 9,6 млрд теңгелік 10 жоба іске асырылды. Соның ішінде 4 жоба мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мен өндіруге бағытталған», - делінген хабарламада.

Жалпы, 2013 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында елорда нарығына 59 тоннадан астам сүт өнімі, 15 мың тоннадан астам ет өнімі мен 157 млн жұмыртқа жеткізілген.

 

 

Барлық жаңалықтар