- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда долларсыздандыру процесі күшеюде
Қазақстанда долларсыздандыру процесі күшеюде
Ұлттық Банктің деректері бойынша, 2017 жылғы шілдеде теңгемен салымдар 0,6%- ға өсті, 2017 жылдың басынан бері 10%-ға өсті, шетел валютасында 3%-дан астам қысқарды, жыл басынан бері 13,7%-ға төмендеді. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдардың үлесі 48,6%-ға дейін төмендеді.
«Депозиттердің ұлттық валютадағы көлемі қатарынан бес ай бойы депозиттердің шетел валютасындағы көлемінен асып кетті. Жеке тұлғалар салымдарының құрылымында шетел валютасындағы депозиттер үлесі 54,8%-ға дейін, заңды тұлғалардікі 43,4%-ға дейін төмендеді», – деді Д. Ақышев.
«Ұлттық Банк банктердің кредиттік белсенділігіне талдау жүргізді. Бүкіл кредиттік нарықтың 90%-ы тиесілі 15 банктің ішінен 9 банк жыл басынан бастап кредиттеудің өсімін қамтамасыз етті. Қалған банктер не бизнесті дамытудың үлгісін іздестіруде, не меншікті капиталды ұлғайту үшін ресурстар іздеуде, – деп жалғастырды Д. Ақышев.
Банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономиканың нақты секторын кредиттеуді қалпына келтіру мақсатында Ұлттық Банктің Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасын қабылдағаны белгілі.
Бағдарлама банктерді капиталдандыруды қолдауға бағытталған, олардың қаржылық тұрақтылығын және ықтимал жаңа жағымсыз сыртқы факторларға төзімділігін күшейтеді. Бұл ретте бағдарлама акционерлер мен инвесторлардың банкті капиталдандыру жөніндегі ортақ жауапкершілігі қағидатымен іске асырылатын болады деп толықтырды ҚРҰБ басшысы.
«Банк секторын қолдау бойынша қабылданатын шаралар банк секторының жұмыс істемейтін активтерінің қысқаруына, нақты секторды кредиттеуді жандандыруға әкеледі және тұтастай алғанда ел экономикасының дамуына мультипликативті әсер етеді деп санаймыз», – деп қорытындылады Д. Ақышев.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды