- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі ЕАЭО бірыңғай цифрлық кеңістігі жобасы туралы айтып берді
ҚР Премьер-Министрі ЕАЭО бірыңғай цифрлық кеңістігі жобасы туралы айтып берді
«Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша экономиканы цифрландыру әлемдік экономика ландшафтын түбегейлі өзгертеді және 2025 жылға дейін әлемдік ЖІӨ-нің үштен бір бөлігін қамтамасыз ете алады. Қазір ЕАЭО бірыңғай цифрлық кеңістігінің жобасы белсенді дамып келеді, ол тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, адамдар мен капиталдың еркін қозғалысын қолдайтын негізгі элементтердің біріне айналуы тиіс. ЕАЭО цифрлық тәртібі біздің өз әзірлемелеріміз ғана емес, сонымен қатар ең жаңа әлемдік жетістіктер де енетін жинақтаушы база болмақ», - деді Премьер-Министр.
Осы ретте спикер Қазақстан өзінің цифрлық тәртібі бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Біз жуық арада «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен таныстырамыз. Оның мақсаты – экономиканың базалық секторларындағы әлеуетті іске асыру және әртараптандыру, кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және жаңа технологиялық тәртіп салаларын құру. Қазақстанда цифрландыруды дамыту үшін экожүйені жүйелі дамытуды, экономика салаларын өзгертуді, электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мен креативті қоғам құруды көздейтін кешенді тәсіл қолданылуда», - деп қосты Үкімет басшысы.
Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев Белгіленген тарифтердің бекітілген қағидалары туралы да айтып өтті.
«Сондай-ақ, бүгінгі пікірталастың негізгі бағыттарының бірі жасыл экономиканың бәсекеге қабілеттілікке әсері болмақ. Жаңартылатын энергия көздері секторы Қазақстанда жасыл экономиканы дамытудың маңызды бағыты болып табылады. Белгіленген тарифтер жүйесі арқылы іске асырылатын мемлекеттік қолдау жүйесі әзірленді. Бұл механизм өзінің өзектілігін көрсетіп, жел, күн және басқа да энергия түрлерінің қолданылуымен электр энергиясын өндіру жобаларын іске асыруға мүмкіндік берді», - деп қорытындылады Қазақстан Премьер-Министрі.
Еске сала кетейік, Астанада еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастырған жыл сайынғы «Еуразиялық апта» халықаралық көрме форумы өтуде.
Еуразиялық аптаға қатысу үшін елордаға 42 елден мемлекеттік билік органдарының, іскерлік топтар мен бизнс қауымдастықтардың өкілдері келді. Еуразиялық апта бағдарламасына ЕАЭО жалпы нарығы үшін стратегиялық маңызды экономиканың 13 саласын қамтитын 30-дан астам пікірталас іс-шарасы кіреді.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы