- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның 8 мыңнан астам кәсіпорны ЕАЭО елдерімен тұрақты жұмыс істеуде
Қазақстанның 8 мыңнан астам кәсіпорны ЕАЭО елдерімен тұрақты жұмыс істеуде
ҚР Премьер-министрі Еуразиялық апта қатысушыларын қарсы алып, ЕАЭО-ға мүше елдердің экспорттық және инвестициялық әлеуетін жыл сайынғы өсіміне қарамастан одан-ары арттыруды жалғастыру керектігін атап өтті.
«Еуразиялық аптаның ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтіп жатқаны қуантады, оның жетістіктері біздің елдеріміздің экономикаларының табиғатты қорғау, ресурстарды үнемдейтін және инновациялық типке ауысуына көмектесетін болады. Біздің шараның іскерлік бағдарламасы оқиғаға толы болады. Ал, көрменің бағдарламасына келетін болсақ оған Одаққа мүше-елдердің қызығушылығы өте зор. Көрме басталғанға дейін бізге оны алдын-ала көрсетіп, таныстырған болатын», - деді Үкімет басшысы.
Б. Сағынтаевтың айтуынша, шараның ауқымдылығы мемлекеттер мен бизнес-қауымдастықтар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар, инвестициялық процесті күшейте түседі.
«Қазақстан мұнда экспортқа бейімделген түрлі саладағы 80-ге жуық компанияны ұсынып отыр. Бұл біздің мемлекеттерге жаңа байланыстарды орнатуға көмектеседі. Бүгінде Қазақстанда ЕАЭО елдерімен бірлескен 8 мыңнан астам компания жұмыс істеуде. Менің ойымша бұл мемлекеттің интеграциялануына көрсетілген көмектің жақсы көрсеткіші. Біз аталмыш тізімнің одан ары кеңеюіне қуанышты боламыз», - деп бөлісті Премьер-министр.
Сонымен қатар, ол атап өткендей, форум алаңында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланып отыр. Бұл құжаттар ЕАЭО аясында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді. Осы орайда агроөнеркәсіптік кешендегі қатынастар, оның ішінде экспортты арттыруға бағытталған шаралар ескеріледі
«Жыл басынан бері негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Сонымен, ЕАЭО-ның ЖІӨ 2017 жылдың бірінші тоқсанында 0,8% құрады. Ал, өндірістің оданда жылдам өсіп келе жатқаны қуантады - 2,7%. ЕАЭО-ның сыртқы сауда айналымы бірінші жарты жылдықта 28%-ға артты. Жалпы, жасалған қолайлы жағдайдың арқасында ЕАЭО елдерінің үшінші мемлекетпен саудасы артты », - деді Бақытжан Сағынтаев.
ҚР Премьер-министрі хабарлағандай, бүгінде Израиль, Сербия және Иран елдерімен еркін сауда туралы келісім бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Б. Сағынтаев толықтырып кеткендей, ЕАЭО елдерінің экономикалық көрсеткіштерінің өсімін арттыруға бағытталған басты шаралар кедергілер мен шектеулерді алып тастау.
Атап өтер болсақ, үш күнге созылатын форумда 17 мемлекеттін 250-ден астам спикер баяндама жасайды. Сонымен қатар ЕАЭО мүше мемлекеттерден 250-ден астам компания көрмеге қатысады. Бүгінде әлемнің 35 мемлекетінен қатысушылар тіркелді. Экономиканың 13 саласы бойынша пікірталастық іс-шаралар жоспарланған
Ақбота Күзекбай
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды