- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмолалық кәсіпкерлер Польшадағы IV Шығыс экономикалық конгресіне қатысады
Ақмолалық кәсіпкерлер Польшадағы IV Шығыс экономикалық конгресіне қатысады
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков Подляск воеводствосы басқармасының өкілдерімен жиналыс барысында өңірдің инвесторлар үшін тартымдылығы туралы айтып берді.
Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы және коммуналдық машиналарды, сондай-ақ қалдықтарды жою мен қоқыстарды өңдеу техникасын өткізу мүмкіндігін талқылады. Бұдан бөлек, Польша өкілдері ауыл шаруашылығы, құрылыс, жиһаз өндіру саласында ынтымақтастық жасауға ниет білдіруде. Польша өкілдері органикалық тамақ өнімдері өндірісі саласына ерекше қызығушылық білдірді.
Ақмола облысының әкімшілігі мен жергілікті кәсіпкерлер 2017 жылғы 27-28 қыркүйекте Белосток қаласында өтетін IV Шығыс экономикалық конгресіне қатысуға шақыру алды.
Подляск Воеводствосы басқармасының мүшесі Богдан Дыюк айтып өткендей, Шығыс экономикалық конгресі - Шығыс Польшаның экономикалық әлеуетінің перспективалары туралы ірі экономикалық конференция. Жыл сайын Конгреске Шығыс Польшаның ірі кәсіпкерлері, Польша мен шет елдердің инвесторлары мен менеджерлері, саясаткерлер, ғалымдар, жергілікті өзін-өзі басқару өкілдері қатысады.
Жиыннан кейін делегация Достық үйінде және «Новопэк» компаниясында болды. Кәсіпорын басшылығы Конгреске қатысуға шақыруды қабылдады.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды