• Басты
  • Жаңалықтар
  • Талдықорғанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жобалық кеңсе қызмет етуде

Талдықорғанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жобалық кеңсе қызмет етуде

24 Тамыз, 2017 12:34
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері тақырыбында өткізген жиынында талқыланған мәселелерге қатысты жұмыстарды жүйелеп алу мақсатында аудан және қала әкімдерімен қатар облыстық басқармалар мен департаменттердің басшыларын шақырып, жиын өткізді.

«Өңірге инвестиция тарту да ерекше назарда. Сондықтан да, аудан, қала әкімдері мен басқарма және департамент басшыларына осы аталған тапсырмаларды орындауда үлкен жауапкершілік танытуын сұраймын. Аталған бағыттардың орындалуы әрбіріңіздің атқарған жұмыстарыңыздың  айқын көрсеткіші болып табылады», - деді өңір басшысы.

Жиын барысында облыс әкімі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындауға ерекше назар аудару қажеттігін де атап өтті.

«Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытындағы қолға алынған жұмыстарды күшейту қажет. Бізде көп мүмкіншіліктер бар, алайда белсенділік таныту жағы ақсап тұр. Істеліп жатқан жұмыстарыңызда нақтылық байқалмайды. Жаңаша көзқараспен қарап, тиісти шаралар қабылдаңыздар», - деді облыс әкімі. 

Барлық жаңалықтар