- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында жылыту қазандықтарын жөндеуден өткізуге 1,5 млрд теңге бөлінді
Ақтөбе облысында жылыту қазандықтарын жөндеуден өткізуге 1,5 млрд теңге бөлінді
Қаладағы жылыту қазандығы мен желілерді күрделі жөндеуден өткізуге бір жарым миллиардтан астам қаржы бөлінген болатын.
Бүгінгі күні көзделген жөндеу жұмыстары аяқталып, қаржы толығымен игерілді. Қаладағы орталық жылыту қазандығына қосылған әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қыс айларында қалыпты жылумен қаматамасыз етуге мүмкіндіктер жасалды.
М.Тағымов пен М.Жұмағазиев жөндеу жұмыстарына қанағаттанарлық баға берді. Сенаторлар сапары Тоқпансай ауылдық округінде жалғасты. «Тоқпансай» ЖШС басшысы Өтесін Өтепбергенов ауылда мал шаруашылығы кешені ғана емес, күнделікті қажетті азық-түлік өнімдерін шығаратын шағын нысандар жұмыс істейтінін хабардар етті. Қазір әлеуметтік нысандар жөндеуден өткізіліп, жаңа маусымға сақадай сай әзірленді. Үйлерге табиғи газ, ауыз су келіп тұр.
Сенат депутаттары осы аудандағы Есет батыр ауылында тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдады. Сенаторлар айтылған мәселелерді аудан және облыс басшылығына жеткізіп, олардың толық шешім табуын назарда ұстайтындарын айтты. Сенатор Мұхтар Жұмағазиев «Грин Хаус Қазақстан» жылыжай кешенінде болып, оның жұмысымен танысты. Жылыжай кешені үстіміздегі жылы ғана пайдалануға берілген болатын.
Өндіріс қуаты – жылына 6 мың тонна көкөніс өндіру. Жалпы көлемі 9,5 гектар жылыжай кешенінде 60 жұмыс орны ашылып, облыс халқын көкөніспен толық қамтамасыз етуге мүмкіндіктер бар.
Сенатор М.Жұмағазиев Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «КазАгроФинанс» АҚ көмегімен салынған жылыжай кешенінің өндірістік қуатын толық пайдалану арқылы облыс халқымен бірге шекаралас өңірлердің де қажетін өтеу мүмкіндігі мол екенін атап көрсетті.
М.Жұмағазиев сонымен қатар консервіленген ет өнімдерін шығаратын «Айбек» әлеуметтік-кәсіпкерлік өндіріс орнында кездесу өткізді. Қала мен облыс жұртшылығына өз өнімін ұсынатын серіктестік аз ғана уақыт аралығында тұтынушылар арасында танымал болып үлгерді. Кездесу барысында сенатор М.Жұмағазиев ең озық технологияларды енгізе отырып, өндіріс ауқымын кеңейту, соған қарай жұмыс орындарының санын ұлғайту қажеттігін айтты.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді