- Басты
- ЭКСПО-2017: Әлемнің болашағы жасыл энергетикамен байланысты
ЭКСПО-2017: Әлемнің болашағы жасыл энергетикамен байланысты

Өз сөзінде Мосуд Маннана Бангладеш таза жасыл энергия мен жаңартылатын энергия көздерімен байланысты міндеттемелерін орындайтынын атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі кезде қуаты 282 МВт құрайтын жасыл энергияны өндіре алатын жобалар жүзеге асырылуда.
«Бангладеш жеке және желіден тыс аймақтарда күн энергиясын тұтынатын үйлер жүйелерін құру арқылы үлкен жетістіктерге жетті. Бүгінде 4.4 миллион күн энергиясын тұтынатын үйлер жүйелері орнатылды. Дүниежүзілік банк баяндамасы, Жаңартылатын энергия көздеріне шолу және Жұмыс орындарына қатысты бір жылдық шолуға сәйкес, Бангладештің күн энергиясы жүйесі әлемдегі табысты жобалардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, мемлекетіміз жел энергиясы, келгінсулар энергиясы, толқын энергиясы, биогаз және басқа да жаңартылатын энергия көздерін қолдану мүмкіндігін зерттеуде. Көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбы энергетикалық балансты қайта қалпына келтіру мәселесін талқылауға мүмкіндік берді», - деп мәлімдеді Мосуд Маннана.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Көрмесінде болашақ энергиясының дамуы үшін үлкен үлес қосатын әлемдегі озық ғылыми және технологиялық жетістіктер жиналғандығын атап өтті. Оның айтуынша, Көрме жасыл энергетика прогрессінің нышаны және адамзаттың жаңартылатын энергия көздеріне көшу талпынысының көрінісі болып табылады.
«Халықаралық Көрме индустрияландырудың нышаны сондай-ақ техникалық және технологиялық жетістіктерді таныстыру үшін тамаша мүмкіндік болып табылады. «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы энергия көздері, әлем бойынша таза энергияны тарату сияқты халықаралық қауымдастықтың өзекті мәселелерінің біріне арналған», - деп атап өтті Жанат Ешмағамбетов.
ЭКСПО-2017 көрмесіне 115 мемлекет және 22 халықаралық ұйымдар қатысуда. Сондай-ақ ірі корпорациялар баламалы энергия көздері саласындағы жетістіктері мен әзірлемелерін ұсынуда.
-
Партия лидерлері сайлау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
-
Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі қалай жүзеге асып жатыр
-
Президент Шорнақ пен Сәтбаевтағы жағдайға байланысты кеңес өткізді
-
ІІМ барлық өңірлерде дәрі-дәрмек құнының жоғарылауына байланысты полиция рейдтерін өткізуде
-
МӘСҚ-дан 35 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
-
Дағдарысқа байланысты жүк тасымалын қолға алып жатырмыз - Air Astana
-
Қазақстанда кірістен айырылуға байланысты 4,4 миллионнан астам әлеуметтік төлем тағайындалды
-
Әлемде коронавирусқа байланысты 1,5 млрд адам жұмыссыз қалуы мүмкін
-
Президент мәлімдемесінен еліміздің бүгіні мен болашағына деген сенімділікті байқадық -К.Жұмағұлов
-
615 мыңнан астам адамға МӘСҚ кезінде табысынан айырылуына байланысты төлемдер тағайындалды
-
42 500 теңге мөлшерінде МӘСҚ төленетін төлемге өтінімдерді қарау мерзіміне байланысты
-
23 мыңнан астам адам жұмысынан айрылуына байланысты МӘСҚ төлемдер алды
-
Жүк көліктері жасыл дәліз арқылы Нұр Сұлтанға қалай өтеді
-
Әлемнің және Қазақстанның киелі жерлерін виртуалды тамашалауға болады
-
ТЖ кезінде табысынан айырылуына байланысты 1 200-ден астам адам МӘСҚ-тан төлемдер алды

