- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкент кілемдерін Қытайға экспорттайды
Шымкент кілемдерін Қытайға экспорттайды
Шымкенттегі «Оңтүстік» АЭА орналасқан кілем өнімдерін шығаратын «Бал Текстиль» ЖШС-гі өз өнімдерін ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да белсенді таратуда.
«Бүгінде кілем өнімдерін сату үшін алыс және жақын шетел өкілдерімен байланыс орнатқан. Енді фабрика басшылары таяуда Европадағы әріптестік байланысты нығайтып, текстиль өнімдерін Қытай нарығына шығаруды жоспарлап отыр», - деп хабарлады әкімдіктен.
Бүгінгі таңда фабрика өнімдері Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Германия және Францияға экспортталады. Ірі шетелдік тапсырыс берушілер саны 20-дан асады. Кәсіпорында кілем, кілем өнімдері тоқылады, полипропилен жіптері шығарылады. Кілем өндірісіне қажет шикізат Ресей, Түркия, Бангладеш, Үндістан және тағы басқа алыс шетелдерден тікелей жеткізіледі. Ал кілемнің өзі мұнда Бельгияның жоғарғы технологиялы Michel Van De Wiele жабдығында тоқылады.
Бүгінгі таңда кілем және кілем өнімдерін шығару өндірісінің қуаттылығы жылына 5 млн шаршы метр өнімді құрайды. Кәсіпорында кілемнің екі мыңға жуық бірегей түрі шығарылады. Олардың арасында классикалық сурет, дәстүрлі өрнекпен тоқылғандары да, дизайнында модерн элементтері бар, сондай-ақ, заманауи хай-тек және авангард стильде тоқылатын кілемдер де бар.
Ал полипропилен жібін иірудің қуаттылығы - жылына 4000 тонна. Қазір кәсіпорында 236 адам жұмыс істейді.
-
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті -
Шымкент шаһарының дамуы: Қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 54,3%-ға артқан -
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтылық деңгейіне өтті – А.Цой -
Шымкентте пневмониямен ауырған 6340 науқас тіркелді -
ВИДЕО: Шымкентте науқастарды емдеген 9 дәрігер пневмониядан көз жұмды -
Алексей Цой: Шымкенттік дәрігер Айна Бакеевамен 40 минуттай сөйлестім -
Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті -
Шымкентте 11 байланыс станциясы орнатылады -
Шымкент: Мал шаруашылығын дамытуда 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда -
Шымкентте 1000-нан астам отбасы баспаналы болмақ -
Шымкенттегі шағын аудандар сапалы интернетпен қамтылады -
Шымкентте кәсіпкерлерге жаңа форматта қызмет көрсететін кеңсе ашылды -
«Хлопкопром-Целлюлоза» кәсіпорны өнімдерін Ресей мен Украинаға экспорттайды -
Шымкентте жылыжай кешені салынады