- Басты
- Жаңалықтар
- «Болашақ» бағдарламасы сананың ашықтығын арттыруға септігін тигізеді – Г.Әбдіқалықова
«Болашақ» бағдарламасы сананың ашықтығын арттыруға септігін тигізеді – Г.Әбдіқалықова
Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «сананың ашықтығын» басты басымдықтардың бірі ретінде айқындап бергенін атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» бағдарламасы сананың ашықтығын арттыруға септігін тигізетінін айтты.
«Өскелең ұрпақ әлемнің үздік жетістіктеріне ашық әрі бейім болуға тиіс. Президенттік стипендия Қазақстанның қазіргі жастары үшін білім өрісін кеңейтуге, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға, үздік тәжірибелік машықтарды игеруге мүмкіндік береді», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Отырыс барысында Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қаралды.
Комиссия шешімімен стипендия магистратурада және докторантурада оқуға, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 80 үміткерге тағайындалды.
Мемлекеттік хатшы отырысты қорытындылап, «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру және тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»