Д.Мыңбай: ҚХА ұлттық сананың кеңістігін кеңейтуде

23 Тамыз, 2017 18:06
Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық сананы жаңғырту бойынша бірқатар ұсыныстарды білдірді. Бүгінде институт «Туған жер» және «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобаларын жүзеге асыруда. Бұл туралы ҚХА төрағасының орынбасары Дархан Мыңбаев «Қоғамдық сананы жаңғырту: білім беру, гуманитарлық, әлеуметтік-мәдени негіздері мен жүзеге асыру тетіктері» республикалық семинар-тренинг барысында хабарлады.

«Жаңа үлгідегі жаңғырудың басты шарты өз мәдениетіңді, ұлттық кодыңды, салт-дәстүріңді және т.б. сақтап қалу болады. Сарапшыларымыздың айтуынша бүгінгі салт-дәстүр кешегі инновация, бүгінгі инновация болашақта салт-дәстүр болады», -деді төрағаның орынбасары.

Дархан Мыңбаев атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық сананың кеңістігін кеңейтуде.

«Президент сананың ашықтығы туралы айтқан болатын. Біз нені өзгертудеміз? Біз басқарудың үздік тәжірибесін енгізудеміз, осы ретте азамат мемлекеттік қызметке кәсіби біліктілігі мен адами қасиеті есепке алына отырып қабылданады. Біз ұлттық сананы кеңейтудеміз. Бұл – жаңа тілдер, жаңа технологиялар, жаңа жұмыспен қамту, жаңа жаһандық деңгеймен теңесу. Бүгінде ақпараттық технологиялар саласында жетістікке жеткен қазақстандықтар жетерлік», -деп толықтырды ҚХА төрағасының орынбасары.

Спикер Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық сананы жаңғырту бойынша нақты жобаларды жүзеге асыруға қатысып жатқанын мәлімдеді.

«Біз қоғамдық сананы жаңғырту міндеттері «Туған жер» жобасын жүзеге асырумен байланысты деп ойлаймыз. Осы ретте, ірі кәсіпкерлерді, ғалымдарды, мемқызметкерлерді, шығармашылық зиялы қауыммен өзгелерді қызықтыру керек. Ассамблея қайырымдылық шаралардың үйлестірушісі ретінде барынша қолдау көрсете алады», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Дархан Мыңбаев республикалық семинар-тренингте «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға ҚХА-ның 12 мыңнан астам мүшесі атсалысып жатқанын жеткізді. 

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар