- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Аустрия екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін кеңейтуде
Қазақстан мен Аустрия екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін кеңейтуде
СІМ хабарлағандай, отырыс барысында тараптар екіжақты күн тәртіптің өзекті мәселелерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасының экономикалық ахуалы, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашақ мүмкіндіктері бойынша дәстүрлі түрде пікір алмасты.
Делегациялар, сонымен қатар, Қазақстан-Аустрия ынтымақтастығының энергетика, тау-кен қазу өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау технологиялары, көлік және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сондай-ақ өңіраралық және көпжақты ынтымақтастықты дамыту салаларындағы өзекті мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылады.
Комиссия отырысының шеңберінде аустриялық тарап ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде өткізілген іс-шараларға егжей-тегжейлі тоқталды. Өз кезегінде Р.Василенко аустрия делегациясы аталған көрмеге сапалы түрде дайындалғаны және жоғары деңгейде қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Бұған қоса тараптар Аустрияның ЭКСПО-2017 іс-шаралары аясында ү.ж. 14 маусымда екі ел бизнес делегацияларының қатысуымен өткен Қазақстан-Аустрия іскерлік кеңесінің кезекті кездесуін ризашылықпен атап өтті.
Екі ел арасындағы сындарлы саяси диалог сәтті экономикалық ынтымақтастықтың кепілі болып табылатыны аталып өтті. Қазақстандық дипломаттың айтуынша, 2017 ж. бірінші жартысында Қазақстанның ЕО елдерімен сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда шамамен 30%-ға ұлғайып, 14,733 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында Аустрияның Ресейден кейінгі екінші ең ірі сауда серіктесі болды.
Сондай-ақ Р.Василенко сауда-экономикалық қарым-қатынастардың өрбуіне халықтың жұмылғыштығы мен азаматтар арасындағы тікелей байланыстар жетелейтініне назар аударды. Осы орайда, Қазақстан 2015 жылы қол қойылған ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісімімен қарастырылған визалық режимді жеңілдету мәселесіне зор көңіл бөледі. Бұл тұрғыда басқосу барысында аталған бағыт бойынша прогреске қол жеткізу перспективалары талқыланды.
Комиссия отырысының қорытындылары бойынша тең төрағалар талқыланған мәселелерді толығымен қамтитын Протоколға қол қойды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды