• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ. Тоқаев Ұлттық академиялық кітапхананың кітап көрмелерімен танысты (ФОТО)

Қ. Тоқаев Ұлттық академиялық кітапхананың кітап көрмелерімен танысты (ФОТО)

23 Тамыз, 2017 16:31
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында болды. Парламент Сенатының спикері ЭКСПО-2017 көрмесіне орайластырылған кітап көрмелерімен танысты.

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында кітапханада әр түрлі кітап көрмелері өткізіледі. 

Сондай-ақ, Қ. Тоқаев ҚР ҰАК жанындағы Ұлттық сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығында да болды, онда жақында "Ұлы Жібек жолындағы кітап басылымы" көрмесі ашылған болатын. 

Көрмеде еліміздің Ұлттық кітапханасының құндылықтарынан 100 кітап пен қолжазба ұсынылған, олар «Құнды тарту» залында сақталады.

ҚР Парламенті Сенатының спикері Ұлттық академиялық кітапхана мен мұрағат біздің мемлекетіміздің құндылығы болып табылатынын, сондықтан ел басшылығы тарапынан кітапханаға да, оның қызметкерлеріне де үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті. 

«Әрине, бұл мемлекеттік жұмыстың өте маңызды бөлігі. Президент еліміздегі мұрағат ісіне және жалпы кітапхана ісіне ерекше көңіл бөледі. Біз бірегей экспонаттарды көрдік. Шынында да, олардың көпшілігінің баламалары жоқ. Жұмыстың өзіне келетін болсақ, ол өте маңызды. Сол себепті Парламент те, Үкімет те қызметкерлерге көмек көрсетуге үлкен көңіл бөлетін болады. Қызметкерлерге сәттілік тілеймін», - деді Қ. Тоқаев журналистерге.    

Айта кетейік, ұсынылған экспонаттардың арасында Жан-Пьер Дреждың «Марко Поло және Жібек жолы» кітабы, "Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы" энциклопедиялық басылымы, өте құнды әрі сирек қытай қолжазбалары бар. 

Атап айтқанда, Сенат спикері Кітаптар музейінде, "Мырзатай Жолдасбековтың мемориалды кітаптар жинақтамасы" залында, Ғылыми зал және "Шаңырақ" балалар шығармашылығы орталығында болды. 

Кітаптар музейі алты бөлімнен тұрады, олар – жазудың даму тарихы; XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы оқулықтар мен оқулықтар басылымы; Құран және ислам туралы кітаптар; Қазақстанда және шет елдерде жарық көрген Қазақстан туралы кітаптар; ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан сирек кітаптар мен қолжазбалар; З. Ахметовтың мемориалдық жинақтамасы.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар