- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 338 жоба жүзеге асырылды
Ақтөбе облысында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 338 жоба жүзеге асырылды
«Форумның басты мақсаты –туған жерге деген ықылас пен патриотизмді қалыптастыру, Ақтөбе облысының белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген тумаларын туған өлкелерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту. Жалпы, атақты жерлестеріміздің тізімі құрылып, толық сауалнамалық деректері бар 321 адамның мәліметтер дерегі жасалды. Бүгінде әлемнің 15 елінен 218 адам өздерінің форумға қатысатындарын растады. Олардың санатында тек Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де тұратын мемлекет қайраткерлері, ірі кәсіпкерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері, атақты спортшылар бар», - деді ұйымдастыру комитетінің төрайымы Сәния Қалдығұлова.
Форумды өткізу қыркүйек айының үшінші он күндігіне жоспарланған, қатысушыларға облыстың жетістіктері, ірі инвестициялық жобалар, сонымен қатар, өңірдің даму келешегі таныстырылады.
Бұдан өзге, мәдени-көпшілік шаралар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, шеберлік сабақтары, семинар-тренингтер, қайырымдылық концерттері өткізіліп, Ақтөбе облысы мен оның танымал тумаларына арналған энциклопедия мен деректі фильмнің тұсауы кесіледі, жерлестерге арналғын арнайы zherlester.akt.kz интернет-ресурсы іске қосылды. Сондай-ақ, жаңа әлеуметтік-мәдени нысандарды, соның ішінде Жастар сарайын, Шығармашылық академиясын, Жекпе-жек сарайын ашу жоспарда бар.
«Форумның «Туған» жер бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Туған жерге тағзым!» акциясын әрі қарай дамытуға ынталандыратынын сеніммен айтуға болады. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша акцияның арқасында облысымыздан шыққан танымал тұлғалар 1 млрд-тан астам теңгеге 338 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды, яғни әлеуметтік нысандарды салу, қайта қалпына келтіру және заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру, елді мекендерді көгалдандыру, жолдарды жөндеу. Халықтың бұдан да өзге маңызды мәселелері шешілуде», - деп атап өтті Сәния Қалдығұлова.
Оның айтуынша, жүзеге асырылған әлеуметтік нысандардың дені Ақтөбеде, ал маңыздыларының қатарында – хоккей модулінің, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жаңа ғимаратының, «Жұбановтар әуені» өнер орталығының және т.б. құрылысы бар.
« Жалпы, форумға дайындық жоспар бойынша өтуде және үнемі бақылауда», -деп баса айтты ұйымдастыру комитетінің төрайымы.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді