• Басты
  • Елордалық кәсіпкерлікті қолдау картасы жаңа инвестжобамен толығады
23 Тамыз, 2017 17:59

Елордалық кәсіпкерлікті қолдау картасы жаңа инвестжобамен толығады

Модемдер мен коммутаторлар шығаратын «Digital System Servis» ЖШС зауыт құрылысы Астана қаласының кәсіпкерлікті қолдау картасына енеді, деп хабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.
Елордалық кәсіпкерлікті қолдау картасы  жаңа  инвестжобамен   толығады

2017 жылдың екінші жарты жылдығында Астана қаласының кәсіпкерлікті қолдау картасына тағы бір жоба қосылмақ. Бұл модемдер мен коммутаторлар шығаратын «Digital System Servis» ЖШС зауыт құрылысы. Инвестиция көлемі 500 млн теңгені құрайды және 30-дан астам жұмыс орны ашылады.

Модемдер мен коммутаторлар және өзге де телекоммуникациялық құралдар өндіретін зауыт Астана қаласының АЭА аумағында пайда болмақ. Кәсіпорын үй ADSL-мен маршрутизаторларын жылына 30,6 мың бірлік, ADSL-сіз – 5,4 мың бірлік, екінші деңгейлі коммутаторлар24 FA – 2,7 мың дана, сонымен қатар автоматты Mitel телефон станциясы үшін тақта – 36 мың бірлік өндіру жоспарлануда. 

«Digital System Servis» ЖШС Mitel телекоммуникациялар нарығында ведомстволық және корпоративті байланыс желісі үшін қондырғылар бойынша әлемдік көшбасшы Қазақстандағы жалғыз серіктес болып табылады.

Сондай-ақ Астана қаласының кәсіпкерлік қолдау картасы аясында 2015-2019 жылдары инвестицияның жалпы сомасы 32,9 млрд теңге тағы бір жоба жүзеге асыру алдында тұр. Онда 243 жұмыс орны ашылады. Бұл негізгі фармацевтикалық және химиялық препараттар өндірісі бойынша «Астана Фармбиосинтесис» («Astana Pharmbiosyntesis») ЖШС кешенінің құрылыс жобасы.

Зауыт әлеуметтік маңызды ауруларды емдеуге 200-ден астам дәрілер шығарады. Өндіріс қуаты жылына 447,2 млн бірлікті құрайды. Пайдалануға бергенге дейін жұмыс орны саны – 45 адам. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды