Қазақстан мен Польшаның тауар айналымы 75,5 пайызға артты

23 Тамыз, 2017 19:14
Орталық коммуникациялар қызметінде Польша Республикасының Кәсіпкерлікті дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нина Добжыньскаяның, «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі польяк секциясының бас комиссары Анджей Стэфаньскийдің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

«Қазақстан және Польша арасындағы экономикалық байланыстарды күшейту, поляк инвестициялары, тауарлары мен қызметтердің қазақстандық нарыққа қатысуын кеңейту мақсатында, Польша Астандағы ЭКСПО-2017 көрмесіне белсене қатысуда. «Болашақ энергиясы» атты Поляк павильоны заманауи көмір технологиялары, өндірудің жасыл технологиялары, электрлік энергия мен биомассаны өндіру, сондай-ақ энергетикалық нарықты  цифрландыру түрінде ұсынылған», - деді Польша өкілдері.

ЭКСПО-2017 көрмесіне  поляк елі қатысуының ең басты оқиғасы Польшаның Президенті Анджей Дуданың Астанаға сапарының аясында өтетін Польша ұлттық күні және ү.ж. 6-7 қыркүйекте Қазақстан – Польша бизнес-форумы болады.

«Бұл  Қазақстан – Польша кәсіпкерлерінің екінші форумы болып табылады. Біріншісі Варшавада 2016 жылғы 23 тамыздағы Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Польшаға мемлекеттік сапарының аясында өткен», - деді ол.

Бүгінгі күнде Форумға 240 поляк өкілдерінің қатысқандығы  расталды, оның ішінде 140-тан астамы компаниялар. Польша Республикасының Кәсіпкерлікті дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Н.Добжыньская атап өткендей, елордалық форумға тіркелген қатысушылардың саны поляк бизнесінің қазақстандық нарыққа қызығушылығын растайтын, көшпелі бизнес-форумдарды өткізу тарихындағы ең маңыздыларының бірі болып табылады.

Брифингтің қатысушылары форумды ұйымдастыру жаңа экономикалық ынтымақтастықтың бағыттарын талқылауға, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» Жібек жолы жобаларын дамыту жағдайы, сондай-ақ іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту, экономикалық өзара әрекеттестіктің деңгейін  ұлғайту және Қазақстан Республикасына поляк инвестицияларын ұлғайтуға тамаша мүмкіндікті беретінін баса айтты.

«Іс–шараның маңызды компоненттері аймақаралық ынтымақтастық болады. Қазақстандық облыстармен тікелей байланыстарды орнату үшін Форумға маршалактар (әкімдер) басқаратын 5 поляк воеводстволар делегациясы (Лодзинск, Нижнесилезск, Свентокшышск, Подляск және Любельск) қатысады. Форумның қорытындысы бойынша қазақстандық және поляк компаниялары арасында экономикалық келісімдер жасау жоспарлануда», - деді Польша өкілдері.

ЭКСПО-2022-ні өткізу құқығы үшін Лодзь поляк қаласының қатысу тұрғысында,  ЭКСПО-2017 көрмесі поляк әріптестер үшін қазақстандық әріптестермен диалогты дамыту бойынша тамаша мүмкіндік болып табылады. Астананың сәтті тәжірибесін ескере отырып, бас комиссар А.Стэфаньский, қазақстандық және поляк тараптары арасында ЭКСПО көрмесін өткізу бойынша болашақта кеңестер ұйымдастыруды  ескертті.

Барлық жаңалықтар