Астанада Индустриаландыру картасы аясында 24 жоба жүзеге асырылды

23 Тамыз, 2017 16:17
2010 жылдан бастап Индустриаландыру картасы аясында Астанада 24 жоба іске асырылды, деп хабарлады елордалық әкімдік медиа орталығының тілшісіне Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Азамат Рашитов.

«Индустриаландыру картасы аясында 2010-2016 жылдар аралығында Астанада жалпы сома 232,6 млрд теңгеге 24 жоба іске асырылды. Соның арқасында шамамен 3 мың жұмыс орны құрылды», деді А. Рашитов.

Онымен бірге Индустриаландыру картасы аясында өндірістік өнімнің көлемі ағымдағы жылдың 7 айында 22,3 млрд теңгеге немесе 2016 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе артып, 111,3 млрд теңгені құрады. Ведомство мәліметтері бойынша жобалардың жүктемесі орташа есеппен алғанда 78 пайызды құрайды. 

 

Барлық жаңалықтар