- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында «Туған жер» бағдарламасы аясында дәрігерлік амбулатория жөндеуден өткізілді
Ақмола облысында «Туған жер» бағдарламасы аясында дәрігерлік амбулатория жөндеуден өткізілді
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, «Родина»Агрофирма» ЖШС-ның басшысы Иван Сауэр Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына үн қатқан аймақтағы кәсіпкрелердің алғашқысы болды. Ол өз қаражатының есебінен қайтарымсыз негізде 30 млн теңгеге Родина ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізді. Сонымен қатар, күндізгі стационар ғимаратын салып, қажетті медициналық құрал жабдықтармен жабдықтады.
Бұдан басқа, бүгінде Зеленый Гай ауылында мәдени-сауықтыру кешенінің тұрмыстық ғимараты қайта қалпына келтірілуде.
«Мұнда медициналық мекеменің барынша тиімді жұмыс істеуі үшін бар жағдай жасалған. Сонымен қатар, онда жергілікті 2000-нан астам тұрғынға қызмет көрсетіледі. Бұдан басқа, жақын орналасқан тағы 4 ауылдың тұрғындарына көмек көрсетілетін болады. Ал, мен өзім елордалық медициналық университетті тәмәмдағаннан кейін «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша жақында ғана келдім. Маған баспана берді, орналасуыма көмектесті», – деді амбулаторияның аға дәрігері Алена Злодеева.
Ал, зейнеткер Анна Иванова аталмыш медициналық мекемеде сапалы қызмет көрсетілетінін атап өтті.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары