- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан ЕАЭО шеңберінде Қырғызстанға көмек көрсетуде
Қазақстан ЕАЭО шеңберінде Қырғызстанға көмек көрсетуде
Биыл 22 тамыз күні Чолпан ата қаласында «Ыстықкөл 2017» халықаралық экономикалық форумы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен ҚР Вице-Премьері Олег Панкратовтың қатысуымен қабылданды. Құжатқа ҚР қаржы вице-министрі Қанат Баеділов пен ҚР экономика министрінің орынбасары Алмаз Сазбақов қол қойды.
2016 жылдың желтоқсан айында қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғызстан Республикасы Үкіметі арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы Келісімге сәйкес Қазақстан 100 млн АҚШ долларын бөледі.
Бүгін қол қойылған техникалық тұрғыда жәрдемдесудің нақты шараларына сәйкес алғашқы транш 41 млн АҚШ долларын құрайды.
Техникалық жәрдемдесу Қырғызстанның ЕАЭО Келісіміне қосылудың жол картасы жобасын жүзеге асыруды көздейді. Ол кеден шекарасындағы инфрақұрылымды дамытып, қайта жаңғыртуға, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық жүйелерін халықаралық стандартқа сәйкестендіруге және Қырғызстан мамандарын даярлауға бағытталған.
Қырғызстан Республикасының ветеринарлық және карантиндік жүйесін қайта жаңғыртуға Қазақстан 22 млн АҚШ доллары көлемінде техникалық көмек бөледі.
Бұл шара Қырғызстан Республикасының экономикасын барынша қысқа мерзім ішінде ЕАЭО талаптарына бейімделуге жол ашады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы