- Басты
- Жаңалықтар
- Президент туралы жаңа кітап таныстырылды
Президент туралы жаңа кітап таныстырылды

Партия бастамасымен жарық көрген туынды Елбасының қайраткер ретінде қалыптасқан Теміртау, Қарағанды кезеңін қамтиды. Кітап авторы – белгілі публицист, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, бұған дейін «Елбасының алтын бесігі» атты еңбегімен танымал Айтбай Сәулебек.

Автор жаңа туындысында сирек кездесетін мұрағат қорларынан алынып, ақиқат-шындыққа негізделген тың деректерді, куәгер-тұлғалардың жүрекжарды сөздерін, бұрын жарыққа шықпаған түрлі құжаттарды ұсынады. Кітап деректемелік негізде жазылған. Ол «От-өзен», «Білім белесінде», «Өсу жолында», «Өрлеу», «Шыңдалу», «Партком хатшысы» және «Самғау» деген жеті бөлімнен тұрады. Аталмыш әсем безендірілген еңбекте Елбасының сирек кездесетін суреттері де берілген.
Кітаптың алғысөзін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жазған. Елбасының Қазақстан тарихындағы ерекше рөлін айшықтап, тәуелсіз еліміз қол жеткізген табыстарына М.Құл-Мұхаммед.терең талдау жасады.
«Елбасы өмірінің әр кезеңін үлгі-өнеге тұтатын қазақстандықтар бұл кітапты қызыға-құмарта оқитыны анық», – деді ол.
«Құрыш тұлғаны» жазу үшін автор Мәскеу, Омбы, Алматы, Қарағанды, Теміртау және Астана қалаларындағы Елбасымен бірге еңбек еткен, оқыған әріптес-достарымен кездескен.
Олардың бірқатары – Қабидолла Сарекенов, Төлеутай Сүлейменов, Қуаныш Омашев, Ермек Төлеубаев, Тоқтархан Ысқақов – іс-шараға қатысып жаңа туындының басты ерекшеліктері мен тарихи құндылығы туралы айтты. Сондай-ақ, олар кітаптың қалың оқырман қауымның көңілінен шығатынына сенім білдірді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды