- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда отқа төзімді материалдар шығаратын зауыт өз өнімін шығара бастады
Қарағандыда отқа төзімді материалдар шығаратын зауыт өз өнімін шығара бастады
Қарағанды облысының әкімдігінде хабарлағандай, отқа төзімді материалдардың 600 тоннасы ресейлік зауыттарға жіберілді, 500 тоннаны құрайтын алғашқы партияға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тапсырыс берген.
«Біздің өндірісіміз экспортқа бағдарланған. Біз барлық өндіріс көлемінің 80%-ға жуығын шетелге жіберуді жоспарлап отырмыз. Жеткізуді ресейлік зауыт жүзеге асыруда. Онда өнеркәсіптік сынақтар жүргізілуде. Тұрақты жеткізіп тұруға дайындалып жатырмыз», - деді зауыттың бас директоры Максим Глазунов.
Еске сала кетейік, отқа төзімді материалдар шығаратын зауыт маусым айының соңында "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағында ашылған болатын. Кәсіпорын шетелдік инвесторлардың қаражатына салынған. Жоба құны - 1,9 млрд теңге.
Елімізде осыған ұқсас зауыттар жоқ. Зауыт қуаттылығы жылына 45 мың тонна отқа төзімді материалды құрайды. Өнім қара және түсті металлургияда, цемент өнеркәсібінде және мұнай-газ кешенінде талап етіледі.
Айта кетейік, «Seven Refractories» холдингінің 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар және ол заманауи отқа төзімді материалдардың кең көлемін шығарады. Қазіргі уақытта халықаралық компания Словения, Германия, Австрия, Италия, Украина, Ресей мен Қазақстанда өз бөлімшелерін ашқан.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері