- Басты
- Жаңалықтар
- Маршалл Аралдары жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 20% арттыруды жоспарлауда
Маршалл Аралдары жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 20% арттыруды жоспарлауда
«Маршалл Аралдары Республикасының Үкіметі 2020 жылға қарай жаңартылатын энергия көздеріне 20%-ға көшу мақсатын алға қойды. ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбы еліміздің болашақ дамуымымен тығыз байланысты. Қазақстан сияқты табиғи ресурстарға бай мемлекеттер болашақтың кілті энергияда деген ойды ұстануы сенім мен үміт тудырады», - деп атап өтті Ангелин Хайне.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Арман Рамазанов Қазақстан Астана қаласындағы Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуде мемлекетемізге қолдау көрсеткен елдерге алғысын білдірді. Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі елдің үшінші өнеркәсіптік революцияға өтуіне ықпал етеді.
«Маршалл Аралдары Республикасының Көрмеге қатысуы екі елдің жаңартылатын энергия көздерін іздеуде мүдделері мен күштері ортақ екендігін көрсетеді. Көрмені өткізу нәтижесінде қауіпсіз энергияға қол жеткізу мен жасыл технологияларды енгізуге бағытталған әлемнің даму тарихының жаңа кезеңі басталады. ЭКСПО-2017 көрмесі Мемлекет басшысы атап өткен жоғары технологиялы материалдарды жасау, жаңартылатын энергия көздерін құру және мамандарды дайындау мен баламалы экономикадан тұратын үшінші өнеркәсіптік революцияға өтуге мүмкіндік береді», - деді А. Рамазанов.
Маршалл Аралдарының экспозициясы 11 мемлекет таныстырылған Тынық мұхиты плазасында ұсынылған.
Маршалл Аралдары Республикасы - Микронезия құрамына кіретін климаттық өзгерістерге тәуелді Тынық мұхитында орналасқан мемлекет. Сондай-ақ Климат жөніндегі келісімге қол қойған алғашқы аралда орналасқан елдердің бірі болып табылады. 2008 жылғы мұнай дағдарысынан кейін Маршалл Аралдары жаңартылатын энергия көздеріне көшу бойынша әлемдегі қатаң шараларды қолданды және парникті газдар қалдықтарының көлемін азайту жөніндегі міндеттемелері туралы мәлімдеді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады