«Нұрлы жол» : Жамбыл облысында 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі

23 Тамыз, 2017 10:33
Жамбыл облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаев мәлімдеді.

 «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың, 2017 жылы 3 нысан пайдалануға тапсырылады.

Облыс бойынша 24 тұрғын үйдің ЖСҚ-н дайындауға 247,088 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлінді.            

Инженерлік – коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға 7,91 млрд.теңге бөлінген.

Барлық жаңалықтар