- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда «Almatybike» жобасының 25 велобекеті орнатылды
Алматыда «Almatybike» жобасының 25 велобекеті орнатылды
Қала тұрғындары үшін келесі мекенжай бойынша орналасқан 25 велобекет қол жетімді болады.Жоба 3 этап бойынша іске асырылатын болады. Бірінші этап аясында қаланың орталық бөлігінде 270 велосипедке арналған 50 велобекет іске қосылған болатын. Велобекеттердің қамту аумағы 23 шаршы километр.
Жобаның екінші этапы барысында қосымша 150 велобекет орналастырылып, 1460 велосипед сатып алынатын болады. Бұл өз кезегінде қаланың негізгі іскерлік бөлігін қамтуға мүмкіндік береді. Қосымша велобекеттердің этап бойынша іске қосылуы 2017 жылдың шілде-қыркүйегі аралығында жүзеге асырылатын болады. Велобекеттердің қамту аумағы 98 шаршы километр.
«Үшінші кезеңді дамыту аясында, қаланың халық көп шоғырланған аумақтарын қамту үшін қосымша 100 велобекет орналастырылып, 680 велосипед сатып алынады деп жоспарлануда. 2018 жылы Алматы қаласында барлығы 300 велобекетте 2410 велосипед халық үшін қызмет атқаратын болады», - деп хабарлады қала әкімдігі.
«Almaty Bike»-тың жетістіктерінің бірі ретінде әлемдегі экоқозғалысты қолдау екені айта кеткен жөн.Веложүйе қызметі барысында қалалық коммуникацияларға қосылуды қажет етпейді, себебі велосипедтерді жалға алу векеттеріне қосылған күн сәулесінен қуат алатын күн батареясынан қуаттандырылады.
Сонымен қатар «Almaty bike» велосипедтері – демалысты өткізуге, жұмыс барысында пайдалануға және демалыс күндерін денсаулыққа пайдалы өткізуге арналған көлік құралы.
Пайдаланушылар үшін қол жетімді, әрі икемді тарифтік жобалар қарастырылған. Bike Sharing жүйесі пайдалану барысында, алғашқы 30 минут тегін жалға алу мүмкіндігін ұсынады. Яғни, ұсынылған уақыт аумағында велосипедтерді велобекеттерде ауыстыру барысында, велосипедті тәулік бойына тегін пайдалануға болады.
Туристерге немесе сирек пайдаланушыларға SMS арқылы велосипедтерді жалға алу мүмкіндігі бар. Пайдалану бойынша нұсқаулық әр велобекет пен әлеуметтік желілердегі барлық ресми парақшаларда орналасқан.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
«Ашық» жобасының iске асырылуы -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр