• Басты
  • Х. Ямани Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті ұйымдастырылуымен құттықтады
23 Тамыз, 2017 08:48

Х. Ямани Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті ұйымдастырылуымен құттықтады

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Сауд Арабиясы Корольдігінің Ұлттық күнін атап өту барысында Абдалла ибн Абдул-Әзиз Аль Сауд атындағы жаңартылатын және атомдық энергия ғылыми қалашығының президенті Хашім Ямани әлем елдері болашақ үшін энергияны сақтау, жаңа технологияларды пайдалану және оларды тиімді қолдану әдістерін енгізу бойынша бірлесіп жұмыс атқару қажеттігін атап өтті.
Х. Ямани Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті ұйымдастырылуымен құттықтады

Көрменің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбы ел Үкіметінің 2040 жылға қарай электр энергиясын өндіру үшін қазба отынын қолданудан бас тарту туралы ұстанымын көрсетеді. 

«Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті ұйымдастыруымен және іс-шараның негізгі мақсаттарына қол жеткізуімен құттықтаймын. Екі ел арасында орнаған бауырмалдық қарым-қатынас өзара тиімді экономикалық, мәдени ынтымақтастықтың дамуына негіз болды. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуымыз - болашаққа сеніммен қарайтынымызды көрсетеді. Сауд Арабиясы Корольдігі табиғи ресурстарға бай, инвестициялық әлеуеті зор және географиялық орналасуы қолайлы мемлекет болып табылады. Әлемдік энергетика саласындағы жетекші орынды сақтау үшін Сауд Арабиясы Корольдігі баламалы энергияның экологиялық таза және қауіпсіз өндірісін қамтамасыз ететін нақты қадамдарды жүзеге асыруда. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері саласында инновацияларды қолдануды көздейді. Еліміздің павильоны аталғат бағытты дамытатынымызды көрсетеді», - деді доктор Хашім Ямани.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов Сауд Арабиясы Корольдігінің Ұлттық павильонында ұсынылған технологиялар көрменің сәтті өтуіне өз үлесін қосатынын атап өтті.

«Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам әлеміндегі экономикалық мүмкіндіктері мен геосаяси орналасуының маңызы зор. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап екі ел арасындағы қарым-қатынастың, соның ішінде энергетика саласындағы дамудың әлеуеті зор деп санаймыз. Бүгінгі іс-шара Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жолында жаңа серпін беретініне кәміл сенемін»,- деп қорытындылады ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметінде хабарлағандай, Сауд Арабиясы Корольдігінің Ұлттық павильоны мемлекеттің әлемдегі энергетикалық баланстың сапалы және қауіпсіз түрлендіруі бойынша мүмкіндіктерін көрсетеді. Павильонның басты тақырыбы - «Тұрақты энергия Корольдігі, болашақтағы өзгеріс». Ондағы экспозициялар көрмеге келушілерді мемлекеттің мәдениетімен, салт-дәстүрімен және тарихымен таныстырады. 

Барлық жаңалықтар