- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстіктен солтүстікке ағымдағы жылы 113 отбасы көшіп барды
Оңтүстіктен солтүстікке ағымдағы жылы 113 отбасы көшіп барды
Сарыағаш ауданы Абай аулының тұрғыны Сейдалы Әшірбаев осыдан бір ай бұрын аталған ауданға барып, ондағы тыныс-тіршілікті көзбен көріп қайтыпты. Тұрғынның айтуынша, аудан ауыл шаруашылығын дамытуға сұранып тұр. Ендігі жерде ол қолайлы ауа райы мен құнарлы жерді, сақадай сай техникаларды пайдаланып егін егуді жоспарлап отыр.
Солтүстікке бет бұрған азаматтарды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев бастаған топ шығарып салды. Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылы 113 отбасы солтүстікке көшкен. Облыс тұрғындары еліміздің жұмыс көзі көп аймақтарына қоныс аудару шарасы аясында отбасылар солтүстіктің Айыртау, Ақжар, Жұмабаев, Есіл және Уәлиханов аудандарына барып қоныстанады. Таңдалған Павлодар, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақсан облыстарына көшіп барғандардың ішінде күнгей жұртының үлесі басым дейді басқарма мамандары. Олардың дені сонда ауыл шаруашылығын саласын түлетіп отыр.
Айта кетейік, облыстан Солтүстік аймаққа көшуге ниет білдіргендер саны көбейіп келеді. Салаға жауаптылар қоныс аударған азаматтар алдымен баспанамен қамтылып, жұмысқа орналастырылады дейді. Биыл қоныс аударған отбасының әрбір мүшесіне айлық есептік көлемінде, яғни шамамен 80 мың теңге бір реттік көмек беріледі.
Сонымен қатар, бір жылға дейін тұратын үйдің жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдері өтелетін болады.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Абай жылының айшықты тұстары -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді