- Басты
- Жаңалықтар
- Еліміздің аймақтарында сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробацияны енгізу мәселелері талқылануда
Еліміздің аймақтарында сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробацияны енгізу мәселелері талқылануда
Кездесу барысында 2016 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған «Пробация туралы» заңды жүзеге асыру барысы талқыланды.
Қатысушылар атап өткендей, аталмыш заң аясында сотқа дейінгі және пенитенциарлық пробация үлгілері енгізілді, олар аясында алмастыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ҚАЖ қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
Бұдан бөлек, Көкшетау қаласында өткен кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнәр Бижанова «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғалым Бекмағамбетовпен және «Нұр Отан» партиясының Көкшетау аумақтық филиалы төрағасының орынбасары Зәуреш Нұрымовамен бірге ҚАЖК Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесті.
ҚАЖК облыстық департаментінің өкілі Ирина Горнованың айтуынша, жеке құраммен кездесу нәтижелі өтті. Гүлнәр Қадыржанқызы пенитенциарлық жүйенің проблемалары мен негізгі мәселелеріне қызығушылық танытты. Атап айтқанда, Парламент Мәжілісінің депутатын сотталғандардың жұмыспен қамтылуы және олардың кәсіби даярлығы қызықтырды.
«Сотталғандарда бүгінгі таңда еңбек нарығында талап етілетін жұмысшы мамандықтарын алу мүмкіндігі бар екені қуантады», - деп атап өтті жұмыс барысында Гүлнәр Қадыржанқызы.
Кездесуге қатысушылар ҚАЖК департаментінің жергілікті атқарушы билікпен және Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен өзара іс-қимылын атап өтті.
Сапар барысында қонақтар ҚАЖК облыстық департаментінің мүзейінде болып, өңірдің қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу тарихымен танысты.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы