ОҚО-да бюджетке түскен түсім көлемі 3,9 млрд теңгені құрады

22 Тамыз, 2017 18:57
ОҚО-да бюджетке түскен түсім көлемі 3,9 млрд теңгені құрады Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен селекторлық отырыста мәлім болды.

Биыл облыс бойынша жергілікті бюджетке түсетін салықтық және басқа да түсімдер жоспары 108,7 пайызға орындалып, отыр.Бұл 2016 жылдың 7 айымен салыстырғанда түсімдер 3,9 млрд.теңгеге өсіп отыр.

«Биылғы 7 айдың қорытындысымен жоспардағы 334,8 млрд.теңгенің 326,7 млрд.теңгесі игеріліп, жоспар 97,6 пайызға  орындалды. Бюджеттің шығыстарына келетін болсақ, бірінші жартыжылдықтың қорытындысымен бюджет қаржысы 99,9 пайызға игерілген», - деп хабарлады  облыс әкімдігінің  баспасөз қызметі.

Мәселенің мән-жайына қаныққан облыс әкімі тиісті сала басшылары мен аудан-қала әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, жұмысты бәсеңдеткен жауапты қызметкерлерге талапты күшейтуді тапсырды.

«Барлық бағдарлама әкімшілеріне, аудан, қала әкімдеріне және облыс әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін салалар бойынша жоспарланған қаржылардың толық игерілуін қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Бірінші кезекте құрылыс нысандарының сапасына аса көңіл бөлініп, қалыс қалып отырған нысандар бойынша 2, 3 ауысымда құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар, бюджеттің орындалу барысы бойынша әрбір 15 күн сайын, арнайы мәжілістерді өткізуді тапсырамын», - деді Ж. Түймебаев.

Жиында қаралған екінші мәселе - облыстағы ветеринариялық қауіпсіздік. Бұл жөнінде облыстық Ауылшаруашылық басқармасының орынбасары    Нұржігіт  Мырзахметов баяндама жасады.

Барлық жаңалықтар