- Басты
- Жаңалықтар
- ИДМ: Өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі 30 пайызды құрады
ИДМ: Өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі 30 пайызды құрады
Айта кетейік, Индустриаландыру мемлекеттік бағдарламасының мақсаты - өнеркәсіпті әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібі саласының өсімі.
«Біздің экономика әртараптандыруды қажет етеді. Бірнеше жыл бойы аталмыш бағдарлама жүзеге асырылып келеді. Жыл сайын өңдеу өнеркәсібінің өсімі байқалады», - деді вице-министр.
А.Айдарбаевтың айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дағы үлесі 12 пайызды, ал, экономикада 30 пайызды құрады.
«Аталмыш бағдарлама жаңа нәтиже беруде. Жаңа жұмыс орындары құрылып, ел экономикасында өңдеу өнеркәсібінің үлесі артуда», - деді А.Айдарбаев.
2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өңдеу секторының кәсіпорындарында өндірістің нақты өсімі 6,3% құрады.
«2017 жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 11,8 мың АҚШ долларын құрап, 5,3%-ға артты.
2017 жылдың қаңтар – мамырында өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,8%-ға артып, 6,2 млрд. АҚШ долларын құрады.
«Бұл әлемдік нарықтағы баға конъюнктурасының қолайлылығына, өнімді өткізу нарығының кеңеюі мен жеткізу өсіміне байланысты іске асырылып отыр»,-деп атап өтті Алик Айдарбаев.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 411,1 млрд. теңгені құрады. Яғни, 2016 жылдың қаңтар – маусым айларымен салыстырғанда 27,5 млрд. теңгеге өсіп, 2,7%-ға артқан.
«Индустрияландырудың екінші бесжылдығы іске асырыла бастағаннан бері (2015-2016 жж.) 7 трлн. теңгенің 258 жобасы іске қосылып, 21 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал, 2017 жылдың 7 айында құны 489,8 млрд. теңгеден асатын 32 жоба іске қосылды. Мұнда шамамен 3,9 мың жұмыс орны ашылды»,-деді Бірінші вице-министр.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды