- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 60 жаңа жоба жүзее асырылуда
Астанада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 60 жаңа жоба жүзее асырылуда
2017 жылға бөлінген инвестиция көлемі - 3,9 млрд теңге, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға - 3,6 млрд теңге, несиелерді кепілдендіруге - 258,0 млн теңге және гранттарға – 128,0 млн теңге.Бағдарлама аясында 2017 жылдың басынан 60 жоба мақұлданды.
Атап айтқанда, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 58 жоба, екінші деңгейлі банк арқылы несие желісіне - 10864,2млн теңге және жалпы сомасы 5,5 млн теңгеге өндірістік индустриалды инфрақұрылымға – 2 жоба.
Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады, 350 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Бүгінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен 19 534 қызмет көрсетілді, оның 85 пайызы - орта және шағын бизнес субъектілеріне кеңес беру.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасын іске асырудан бастап 126 738 млн теңгеге 733 жоба мақұлданды. Оның ішінде:пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша – 614 жоба, несиелік желі - 121 761 млн теңге;несиелерді кепілдендіру бойынша – 152 жоба, кепілдендіру сомасы 861,9 млн теңге; (несие портфелі бойынша Астана өңірлер арасында 1-ші орынға ие).
Өндірістік инфрақұрылым - 3 108,0 млн теңгеге 39 жоба (электр қуатымен жабдықтау, жолдарды жөндеу, кәріз жүйесі, сумен қамтамасыз ету, паротас жолын ауыстыру және т.б.);
Грант аясында 230,0 млн теңгеге 80 жоба мақұлданды.Нәтижесінде қала кәсіпорындарында 8 мыңнан астам жұмыс орны және жаңадан құрылған 5 мың жұмыс орны сақталды, бюджетке 16 млрд теңге көлемінде салық төлемдері түсті.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты