- Басты
- Жаңалықтар
- Бизнес-идея ойыма бала күтіміне байланысты демалыста отырғанымда келді – кәсіпкер
Бизнес-идея ойыма бала күтіміне байланысты демалыста отырғанымда келді – кәсіпкер
Өз балаларымен қатар, туыстарына, достарына, көршілеріне де киім тігіп беретін. Көбіне тегін болатын. Ал, осыдан бірнеше жыл бұрын Ләззәтқа балалар киімін тігетін жекеменшік цех ашу туралы ой келді.
«Мен ұзақ жылдар бойы балалар реаниматологы болып жұмыс істедім, кейін спорт мектебінде еңбек еттім. Оның үстіне балалалар күтіміне ата-анам көмектеседі. Ал, жолдасым болса барлық бастамаларымды қолдайды. Менің ортаншы қызымның аты Жазира, мен «Жазира» қазақстандық берндімен өнім шығарамын деп шештім», - деді кәсіпкер.
Кәсібін жаңадан бастағалы жатқан бизнес-ледиде алғашқы капитал болмағандықтан, брендті тіркеумен қатар, ол «Даму» кәсіпкрелікті қолдау қорының желісі бойынша жеңілдетілген несиеге құжат жинастырады.
«Мен 1,1 млн теңге көлемінде 5 жылға жылдық 7%-бен несие алдым. Осы қаражатқа тігін машиналарын сатып алдым, материалдар сатып алдым және цехқа жиһаз алдырдым. Ғимаратты жалға аламын, көлемі 50 шаршы метр», - деді ол.
Ләззәт бірінші кезекте сапаға көңіл бөлуді жөн санап, сапалы материалдарды іздестіруге кіріседі.
«Мен трикотаждан футболка, спорттық шалбар, жатын көйлек, спорттық костюмдар тігемін. Жаңадан туылған нәрестелерге арналған киімдерде бар. Барлығы цехта үш адам жұмыс істейді, айына 800-ге жуық киім тігеміз», - деді Ләззәт.
Сонымен қатар, киімнің бағасының қолжетімділігіне де ерекше назар аударылған.
Оның айтуынша, «Жазира» брендімен тігілген балалар киімі сатып алушылар тарапынан мақтауға ие. Айтпақшы, киімнің заттаңбасында «Қазақстанда жасалған» деп жазылған.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр