- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан электрондық кедендік декларациялауға көшеді
Қазақстан электрондық кедендік декларациялауға көшеді
«Электрондық декларациялау басымдығы енгізіліп жатыр, яғни декларациялау электрондық түрде жүзеге асырылады. Осы ретте қандай да бір растаушы құжаттарды қоса беру қажет емес. Барлық қажетті мәліметтер декларацияның өзінде көрсетіледі», - деді ведомство басшысы.
Министр атап өткендей, қағазда декларациялау жекелеген жағдайларда ғана, мысалы техникалық істен шығу кезінде сақталады.
«Сонымен қатар, жобада «бір терезе» тетігін пайдалану мүмкіндігі заңнама түрінде бекітілген. Енді кеден органдары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ала алатын құжаттарды декларанттан сұратпайды»,- деп қосты Т. Сүлейменов.
Министрдің айтуынша, осы екі ережені іске асыру тауарлардың автоматты шығарылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Яғни, егер бұзушылықтар анықталмаса, кеден органдарының ақпараттық жүйесі декларацияны лауазымды адамдардың қатысуынсыз шығарады», - деп түсіндірді ол.
Көрсетілген нормалар декларациялау процесін едәуір оңайлатып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын, отырыста ҚР ұлттық экономика министрі кейбір заңнамалық актілерге бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы айтқан болатын.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы