- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Сағынтаев ҚР ИДМ-ге индустриаландыру бойынша жобаларды жандандыруды тапсырды
Б.Сағынтаев ҚР ИДМ-ге индустриаландыру бойынша жобаларды жандандыруды тапсырды
«Инвестициялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша Мемлекет басшысы бағдарламаның тиімділігін жаңа технологиялар мен цифрландыру есебінен арттыруды тапсырды. Осы орайда, Инвестициялар және даму министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, экспорттық өндірістердің бәсекеге қабілеттігін дамыту жобасын үйлестіруді тапсырамын», - деді Б.Сағынтаев.
Б.Сағынтаев айтып өткендей, Мемлекет басшысы Индустриаландыру картасы аясында тұрып қалған жобалар туралы айтты. Бүгінде олардың саны 15 жобаны құрап отыр.
«1 тамыздағы жағдай бойынша 4 жоба Қостанай облысында, екі жобадан Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, бір жобадан Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұр. Аталмыш өңірлердің әкімдері әрбір кәсіпорынмен нақты жұмыс жүргізулері керек», - деді ол.
Сондай-ақ, тұрып қалудың себебін анықтап, жобаларды жандандыру бойынша бірлескен шараларды қабылдауды премьер-министр тапсырды.
«Жергілікті жерлерде қолдаудың барлық құралы бар, сондықтан да әкімдер 1 желтоқсанға дейін тұрып қалған кәсіпорындарды жандандырулары керек, себебі желтоқсанның басында Елбасының қатысуымен Индустриаландыру күні өтеді. Бұл мәселе жаңадан көтерілетін болады. Өздеріңіздің кәсіпорындарыңыз қандай деңгейде екенін білетін боларсыздар, бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын», - деді Б.Сағынтаев.
Ақбота Күзекбай
Фото: Бауыржан Жуасбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы