Үкімет

Б.Сағынтаев ҚР ИДМ-ге индустриаландыру бойынша жобаларды жандандыруды тапсырды

Индустриаландыру картасы бойынша тұрып қалған жобалар бойынша бірлескен шаралар қабылдауды Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев тапсырды.
Нұр-Сұлтан 22 Тамыз, 12:41

«Инвестициялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша Мемлекет басшысы бағдарламаның тиімділігін  жаңа технологиялар мен цифрландыру есебінен  арттыруды тапсырды. Осы орайда, Инвестициялар және даму министрлігіне  әкімдіктермен бірлесіп, экспорттық  өндірістердің бәсекеге қабілеттігін  дамыту  жобасын үйлестіруді тапсырамын», - деді Б.Сағынтаев.

Б.Сағынтаев айтып өткендей, Мемлекет басшысы Индустриаландыру картасы аясында тұрып қалған  жобалар туралы айтты. Бүгінде олардың саны  15 жобаны құрап отыр.

«1 тамыздағы жағдай бойынша 4 жоба Қостанай облысында, екі жобадан Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, бір жобадан Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан  облыстарында тұр. Аталмыш өңірлердің әкімдері әрбір кәсіпорынмен нақты жұмыс жүргізулері керек», - деді ол.

Сондай-ақ, тұрып қалудың себебін анықтап, жобаларды жандандыру бойынша бірлескен шараларды қабылдауды премьер-министр тапсырды.

«Жергілікті жерлерде  қолдаудың барлық  құралы бар, сондықтан да  әкімдер  1 желтоқсанға дейін  тұрып қалған кәсіпорындарды жандандырулары керек, себебі  желтоқсанның басында  Елбасының қатысуымен Индустриаландыру күні өтеді. Бұл мәселе жаңадан көтерілетін болады.  Өздеріңіздің кәсіпорындарыңыз қандай деңгейде  екенін білетін боларсыздар, бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын», - деді Б.Сағынтаев.

Ақбота Күзекбай

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

 





Яндекс.Метрика