- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаражатты бақылауды тапсырды
ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаражатты бақылауды тапсырды
«Елбасының қатысуымен өткен жиналыста мемлекеттік бағдарламаға қатысты әділ сын айтылды, біз жұмыста барлығын ескеріп, Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындауымыз қажет, сондықтан бірқатар маңызды сәттерге назар аударғым келіп отыр. Жиналыс барысында Елбасы «Нұрлы жол» бағдарламасының 7 айлық қорытындысы бойынша бөлінген қаражаттың 40%-ы ғана игерілгеніне назар аударды. Бұл бағдарлама әкімшілері екінші жартыжылдықта қаражаттың үлкен бөлігін алуды жалғастырып келе жатқанын білдіреді», - деді Б. Сағынтаев.
Ол жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктер, әсіресе білім саласындағы ведомство бұл мәселені үнемі бақылауда ұстауы тиіс екенін атап өтті.
«Ерлан Кенжеғалиұлы, (ҚР білім және ғылым министрі - АА) 1 қыркүйекке дейін 48 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отырғандықтан, қыркүйек айының басында мектептер бойынша мәселенің іске асырылу барысын толық тыңдаймыз», - деді Министрлер кабинетінің басшысы.
Сондай-ақ ол Ұлттық экономика министрлігіне объектілердің уақтылы енгізілуін ай сайын мониторингілеуді тапсырды.
Бұдан бөлек, Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметінің отырысы барысында «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірқатар тапсырмаларды айтып өтті.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Елбасы халықтың нашар ақпараттандырылғанын және оған банктердің қатысу деңгейі төмен екенін атап өтті. Біз бұл мәселені бірнеше рет талқылаған болатынбыз, көптеген өңірлер тіпті құрылысшылардың несиелерін субсидиялау және ипотеканы қолдау бағытын іске асыруға кіріспеген. Жеке құрылысшылармен, сондай-ақ екінші деңгейлі банктермен тиімді жұмыс жүргізілмейді», - деп мәлім етті Б. Сағынтаев.
Оның айтуынша, ҚТҚЖБ салымшылары мен кезекте тұрғандар саны ескерілмей, өңірлер арасында қаражат тең бөлінбейді.
«Сол себепті Инвестициялар және даму министрлігіне «Бәйтерек» холдингімен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, 1 қазанға дейін Үкіметке бағдарлама тетіктерін түзетуді көздейтін шешім жобасын енгізуді тапсырамын», - деді Премьер-Министр.
Бұдан бөлек, Министрлер кабинетінің басшысы ҚР ИДМ-ге Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, бағдарлама тетіктерін ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа жоспарды бекітуді тапсырды. Сондай-ақ әкімдер де осы жұмысқа белсенді тартылуы тиіс.
Еске сала кетейік, өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайда өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды іске сыру мәселелері бойынша жиналыс өткізген болатын.
Ақбота Күзекбай
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды