- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада 46 мектеп робототеxникалық кабинеттермен қамтылған
Елордада 46 мектеп робототеxникалық кабинеттермен қамтылған
«Биыл 7200 орынға арналған бірнеше бақшаның құрылысы аяқталады. Мемлекеттік жеке кәсіпорын бойынша 6 бақшаның құрылысы басталды: 2 бақша жергілікті компаниямен, 4 бақша польшалық компаниямен салынуда»,-деді Астана әкімі Әсет Исекешев.
Ол сондай-ақ өткен жылы Астанада оқушылардың саны 130 мыңға дейін жеткенін айтты (2015-2016 жылдары-117 мың бала), ал биыл бұл көрсеткіш 143 мыңға дейін жетеді деп күтілуде (2017 жылы-70 мың).
«Көші-қонның артуына байланысты 27 мектепте оқушыларға орынның жетіспеушілігі сезілуде. Бұл мәселені шешу үшін біз 2600 орындық 5 жапсарлас салынған мектептің құрылысын аяқтаймыз, 11 мың орынға шақталған 10 жаңа мектептің құрылысын бастадық. Жаңа оқу жылында CISCO компаниясымен бірлесе отырып 10 мектепте және 4 колледжде желілік академияны іске қосамыз. Бұл xалықаралық сертификаттарды иеленумен 300 ІТ маманын дайындауға септігін тигізеді»,- деп атап өтті Астаны әкімі.
Жаңа оқу жылына 46 елордалық мектеп робототеxникалық кабинеттермен қамтылған.
«Астаналықтардың өмір сапасы мен ғұмыр жасы артуда (75,4 жас, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 3,5 жасқа артық) өлім көрсеткішінің азаюы арқасында артып отыр (ана мен бала өлімі, әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан қайғылы жағдайлар)",-деді Ә. Исекешев.
Елордада екі өңірлік инсульт орталығы іске қосылған. Жүрек талмасынан өлім көрсеткіші 30,7%-ға азайды, инсульт-49,1%-ға төмендеді (2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда).
Қалалық медициналық мекемелерде 5 мыңнан астам жоғары теxнологиялық ота жасалды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары