- Басты
- Литва ЭКСПО-да келушілерді «Сәуле патшалығымен» таныстыруда (ВИДЕО)
Литва ЭКСПО-да келушілерді «Сәуле патшалығымен» таныстыруда (ВИДЕО)

«Литва әрқашан шамамен осындай көлемдегі павильонды жабдықтайды, мұнда 530 шаршы метр. Біз осы метрлер ақпарат, көңіл көтеру үшін, біздің мәдениетімізбен, ас мәзірімізбен таныстыру үшін бірдей пайдаланылсын деп тырыстық. Осының барлығын 2-3 минутта көріп үлгеруге болады немесе осында 2-3 сағатқа қалсаңызда болады. Келушілер келіп қанша уақыт жүргісі келсе сонша жүре алады», - деді ол.
Мұнда ондаған экран бар, оның әрқайсысында жеке тарих, олар 3 минутқа созылады. Жалпы, олар біздің ел туралы, еліміздегі энергетиканың дамуы туралы, ЖЭК түрлері туралы ақпарат береді. Оның барлығын жан-жақты зерттеуге болады.
Бұдан басқа, орталық аймаққа қарай өтетін болсаңыз Сәуле патшалығында медитация жасап, я болмаса көңіл көтерсеңіз болады.
«Біз литва және қазақ тілінде «сәуле» сөзі бірдей екенін білдік. Ол физикалық құбылыстан сәл ерекше, ол жылдамдықты, жарықтың түзулігін, еркіндікті білдіреді және біз оған көңіл бөлдік. Бұдан басқа медитация жасауға болатын аймақта қызықты, онда ойын ойнауға, литваның ас мәзірінен дәм татуға болады», - деп бөлісті комиссар.
Ромас Янкаускас атап өткендей, ЭКСПО ол мамандар үшін ғана емес, сонымен қатар барлығына арналған.
«Біз экспозициямызды әр адамға арнап жасадық, көрме мамандандырылған деп аталғанымен ол тек мамандар үшін емес, сонымен қатар баршамызға арналған. Біз осы мәселені басты назарға алдық және бүгінде біздің паивльон өте танымал және келушілеріміз де көп», - деп түйіндеді ол.
Комиссар көрме қонақтарын Литва павильонына болу мүмкіндігін бос жібермей, тамашалауға шақырды.
Қайрат Жандыбаев
Видео Арман Мұхатов
-
Әл-Фараби ғаламдық деңгейдегі философ – Ж.Ибрагимов (ВИДЕО)
-
Әлеуметтік бизнес қаржырлы еңбекті қажет етеді – М.Аматов (Видео)
-
18 мамырда елордада қандай қызмет көрсету орындары ашылады (Видео)
-
Теміржол вокзалдары қандай тәртіппен жұмыс істеп жатыр (Видео)
-
Мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы қалай жүруде (ВИДЕО)
-
Карантин: Елорда тұрғындарымен әдемі (Видео)
-
Л.Демесінова: Қауіпсіздіктің барлық талаптарын сақтау – вирусты жеңу (ВИДЕО)
-
Блок бекеттердің жұмысы (ВИДЕО)
-
Сынақ келген кезде елдің бірлігін көрсетуіміз керек – Ибрагим Ескендір (ВИДЕО)
-
Карантин режимі ұзарды (ВИДЕО)
-
Елдің де, ердің де сыналатын уақыты. Бірігуіміз қажет – Е.Хамитов (ВИДЕО)
-
Сын-сағатта жұдырық болып жұмылуымыз керек – С. Қалижанов (ВИДЕО)
-
Карантин.30-наурыздан бастап қала ішіндегі шектеу қатаңдатылды (ВИДЕО)
-
Нұрсұлтан Назарбаевты АҚШ-та қалай қарсы алды (ВИДЕО)
-
Пікірталас клубы: ҚР Президенті Жолдауының міндеттері (ВИДЕО)

