- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың Шебер-жоспары әзірленеді
Астананың Шебер-жоспары әзірленеді
Мемлекет басшысы жариялаған «Бес институционалды реформа» және «Үшінші жаңғыру» бағдарламаларын тиімді іске асыру үшін Астана әкімдігі қаланы 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын құрды.
«Ресурс үнемдеуші және энергия тиімді даму моделіне көшу Елбасының тапсырмасына сәйкес жаңа тәсілін құру басталды. Біз ТМД елдері ішінде алғаш болып, халықаралық стандарттарға сай 2 млн халыққа есептелген Астананың Шебер-жоспарын құрудамыз. Бұл инфрақұрылымның және қоғамдық кеңістіктің кешенді және теңгерімді дамуын қамтамасыз етеді», - деді Астана әкімі Әсет Исекешев.
Сонымен қатар, оның сөзінше, көліктік жүйенің жаңа даму моделі, сондай-ақ интернет пен космостық технологияларды қолдану арқылы Бірыңғай сандық 3D-карта құрылып жатыр.
Нысанның барлық өмірлік циклінен ақпараттық модельдеу технологиясы енгізілуде: жобалаудан бастап, пайдалануға берілгенге дейін, яғни 30% пайдалану есебімен құрылыс құны 20%-ға азаяды.
Бұдан бөлек, жылу, су, газ және электр ресурстардың нормативтерін анықтау үшін әртүрлі деңгейдегі ғимараттар үшін нысанды жоспарлау, құрылыс және пайдалануға беруге қойылатын ресурс үнемдеуші талаптарды жоғарылату жолымен Сингапур және Минск үлгілері бойынша құрылыстың жаңа «жасыл» стандарттары енгізілуде.
«Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін ҚР ИДМ, Назарбаев университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің және бизнес-қауымдастықтың қатысуымен қалалық технологиялар құзіреттілік орталығы құрылуда», - деді Ә.Исекешев.
-
Қазақстанның көк байрағы қалай әзірленеді - Кәсіпорыннан репортаж -
Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірленеді – Қ.Тоқаев -
Қазақстанда ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленеді -
Елбасы Астананың жаңа басшылығы алдында тұрған бірқатар басымдыққа ие міндеттерді атап өтті -
Астананың 20 жылдығын шайырлар жырлайды -
«Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы: Бағыттар бойынша жолбасшы әзірленеді -
Астананың 20 жылдығы: Танымал болатын картиналар қоры жинақталды -
Қазақстан өңірлері Астананың 20 жылдығын қалай мерекеледі -
Елбасы Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысты -
Елбасы Астананың іргесін алғаш қалаған азаматтармен кездесті -
Елбасы Астананың 20 жылдығын мерекелеуді ресми түрде ашық деп жариялады -
Н.Назарбаев Астананың «жасыл белдеуінің» нысандарын аралап көрді -
Астананың 20 жылдығы: мереке кезеңінде қауіпсіздіктің сақталуы -
Нұрсұлтан Назарбаев Астананың әлемдік аренадағы ерекше мәртебесін атап өтті -
Астананың ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 27,3%-ға өсті