• Главная
  • ЭКСПО-2017 көрмесі Африка континентінде жаңартылған энергия ресурстарын енгізуге ықпал етеді
22 августа, 2017 13:31

ЭКСПО-2017 көрмесі Африка континентінде жаңартылған энергия ресурстарын енгізуге ықпал етеді

Сенегал Республикасының Ұлттық күні атап өтті. Сенегал саясатының басты бағыттарының бірі энергетикалық тәуелділік деңгейін төмендету болып табылады.
ЭКСПО-2017 көрмесі Африка континентінде жаңартылған энергия ресурстарын енгізуге ықпал етеді

Мерекелік шараның ресми бөлігінде Сенегал Ұлттық агенттігінің Экспортты дамыту бойынша бас менеджері Малик Джоп энергия экономикалық және әлеуметтік дамудың негізі екенін атап өтті.

Сол себепті Сенегал Республикасының Үкіметі 2017 жылдың соңына қарай елдің энергетикалық теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 20%-ға көбейтуді жоспарлауда.

«Энергетикалық және экологиялық мәселелерді шешу үшін әлем елдерін өзара тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырамын. Бүгінгі күні Сенегал Африка континентіндегі жаңартылатын энергия ресурстарын қолдану бойынша жетекші мемлекеттердің бірі болып табылады. Біз күн және жел энергиясын өндіреміз. Үш күн-электр станцияларының ашылуынан кейін, Дүниежүзілік банктің қолдауымен, Сенегал жалпы қуаты 350 МВт күн электростанцияларының құрылысына тендер жариялайды. Сонымен қатар, елде ішкі биогазды өңдеу технологиясы дамыған. «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 көрмесі біз үшін маңызды, себебі тақырып баламалы энергия көздерін дамыту және енгізумен байланысты республиканың саяси бағытына сай келеді. Бұл Көрме жаңартылатын энергия көздерін енгізуге және көмірқышқыл газ қалдықтарын қысқартуға ықпал етеді», - деп атап өтті Сенегал Ұлттық агенттігінің Экспортты дамыту бойынша бас менеджері.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  хабарлағандай,  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Майнюра Мурзамадиева Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Қазақстанның баламалы энергия көздерін дамыту жолында ынтасын көрсетеді деп атап өтті. Сондай-ақ, Сенегал Республикасының «Сенегалды құру үшін таза энергия» тақырыбындағы экспозициясының мазмұны көрмеге келушілердің қызығын тудыратынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Сенегал Республикасы – батыс Африкада орналасқан мемлекет. Республика 2035 жылға қарай дамушы елдер қатарына қосылуды көздейді. Сенегалдың негізігі даму бағыттарының бірі мемлекеттің энергетикалық тәуелділік деңгейін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Сенегал Республикасының экспозициясы Африка Плазасында ұсынылған.