- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазмырыш» Жәйремде тау-байыту комбинатын салуда
«Қазмырыш» Жәйремде тау-байыту комбинатын салуда
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан көптеген жобалардың Индустрия 4.0 элементтері бар.
«Мәселе техникалық қайта қамсыздандыру бойынша. Бүгінде біз министрліктің қарамағындағы барлық кәсіпорындарға техникалық аудит жүргізудеміз. Бірінші кезекте бұл тау-кен өндірісі мен металлургия. Біз олардың жаңа индустрияның талаптары мен шарттарына сәйкестігін тексеріп жатырмыз. Біз Екібастұз, Теміртау және көптеген басқа да моноқалалардың негізі болып отырған ірі өндіріс ошақтарының техникалық тұрғыда жаңғырып тұрмайтын болса алдағы 5-6 жылда бәсекеге қабілетті болмай қалатынын түсініп отырғанын көріп отырмыз. Мысалы, Қарағанды облысындағы Қазмырыш бүгінде Жәйремде тау-байыту комбинатын салуда. 2020 жылға дейін шамамен 100 млрд теңге көлемінде қаражат инвестицияланады», - деді ҚР ИДМ басшысы.
Ол баса айтып өткендей, бұл индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған жаңа индустрияның барлық талаптарына сай келетін алғашқы кәсіпорын болады.
«Жақында ғана іске қосылған кәсіпорындар Шығыс Қазақстан облысында және «Бозшакөл ТБК». Премьер-Министр өзінің іс-сапары аясында жақында ғана сол кәсіпорындар да болды. Мен, аталмыш кәсіпорындар көптеген жағдайлар бойынша Индустрия 4.0 талаптарына сай келеді деп сенімді түрде айта аламын. Оларда шамамен 1500 адам жұмыс істейді, барынша автоматтандырылған. Өткен жылы халықаралық рейтингте Бозшакөл ТБК әлем бойынша барынша технологиялы кәсіпорын ретінде бірінші орынды иеленді. Сондықтанда біз Қазақстанда осындай кәсіпорындар бар деп мақтанышпен айта аламыз», - деді министр.
Бұған дейін, ведомство басшысы Қазақстан үшін Индустрия 4.0 элементтерін енгізу жаңа мүмкіндіктерді ашатыны, соның ішінде тиімділіктің едәуір артуы, жаңа бизнес пен экспортқа бағдарланған өндірістер ашу бар екендігі туралы хабарлады.
Ақбота Күзекбай
-
Құрылыс саласына қандай қолдау жасалуда -
Алматыда туризмді дамытудың кешенді бағдарламасы жасалуда -
Барлық реформалар, соның ішінде қоғамдық сананы жаңғырту үдерісі замандастарымызды жарқын болашаққа дайындау үшін жасалуда. -
Ақмола облысының кәсіпкері ауыл тұрғындары үшін үйлер салуда -
Б.Сағынтаев Павлодар облысында тау-кен байыту комбинатын жаңғырту барысымен танысты -
Н.Нығматулин: Кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасалуда -
Қазақстанда еліміздің мінәжат нысандарының картасы жасалуда -
Б.Сағынтаев Ақтоғай тау-кен байыту комбинатында болды -
Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін жағдай жасалуда -
Қытай Павлодардағы химия-металлургия комбинатының құрылысын қаржыландырады -
Ақтөбе облысында үй құрылысы комбинатының құрылыс мерізімін 1,5 есе қысқартады -
Астана Халықаралық әуежайының жолаушылар терминалының қасбеті жасалуда -
Д.Құсайынов: Үй құрылысы комбинатының баспана құны нарықтық бағадан 20 пайызға арзан болады (БЕЙНЕ) -
«GLB» үй құрылысы комбинатында 480-нен астам жұмыс орыны құрылды (ФОТОРЕПОРТАЖ) -
Елбасы Астанадағы үй құрылысы комбинатының жұмысымен танысты