- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты
Шығыс Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артты
Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 845,5 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 6,8%-ды құрайды. Өнеркәсіп өндірісі нақты көлем индексінің көрсеткіші 2016 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгейге қатысты алғанда 102,1%-ға бағаланды.
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (83,0%) өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 9,2%-ды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 6,9%-ды, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 0,8%-ды құрады.
2017 жылғы қаңтар-шілдеде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 77,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 1,1%-ға төмен. Металл кендерін өндіру көлемі – 3,7%-ға, кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтерде – 11,4%-ға кеміді.
2017 жылғы қаңтар-шілдеде өңдеу өнеркәсібінде 702,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,4%-ды құрады.
Едәуір өсу автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелер жасауда – 4,1 есе, электр жабдықтарын жасауда – 2,3 есе, резеңке және пластмасс бұйымдарын өндіруде – 3,4%-ға, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіруде – 2,3%-ға, жеңіл өнеркәсіпте – 3,3%-ға, металлургия өнеркәсібінде – 4,3%-ға белгіленді.
«Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 58,5 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, нақты көлем индексі 103,5%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және бөлуде – 4,6%-ға, газ тәрізді отынды өндіру және бөлуде – 14,3%-ға өсуі белгіленді», - деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша