ДСМ маңызы бар аурулардың тізімін бекітті

22 Тамыз, 2017 09:56
Қазақстандықтар медициналық сақтандыруға қарамастан аурулардың кейбір түрлері бойынша тегін медициналық көмек алады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен әлеуметтік маңызы бар аурулардың және қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулардың тізімін бекітті. Аталған нормативті-құқықтық актіге сәйкес республиканың барлық азаматтары медициналық сақтандыруы бар-жоғына қарамастан, жоғарыда көрсетілген тізбедегі барлық ауруларға кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің шеңберінде медициналық қызмет алуға болады.

Мәселен, тізімге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар ауруларға 13 ауру түрі кіреді. Олар:туберкулез;адам иммунитеті жетіспеушілігі салдарынан туындаған ауру және адам иммунитеті жетіспеушілігі вирусын тасымалдаушылар;В, С вирусты гепатиті;қатерлі жаңадан пайда болған өскіндер;қант диабеті;психиканың және жүріс-тұрыстың бұзылуы;балалардағы церебралды сал ауруы;миокард инфарктісі (алғашқы алты айда);ревматизм;дәнекер тіндердің жүйелі бұзылуы;орталық жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті аурулары;орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіру аурулары;орфандық (сирек кездесетін) аурулар.

Бұл ретте, қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулар тізіміне 16 ауру түрі кірді:адам иммунитеті жетіспеушілігі салдарынан туындаған ауру және адам иммунитеті жетіспеушілігі вирусын тасымалдаушылар;туберкулез;геморрагиялық қалтырау;дифтерия;менингококк инфекциясы;полиомиелит;психиканың және жүріс-тұрыстың бұзылуы;жыныстық жолмен берілетін инфекциялар;алапес;безгек;сібір жарасы (өкпедегі формасы); тырысқақ;оба;іш сүзегі;А вирустық гепатиті;туляремия.

 Айта кетейік,  2016 жылы Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар аурулармен 508128 тұлға, сондай-ақ, қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулар тізіміне кіретін 134757 тұлға тіркелген.

 

Барлық жаңалықтар