- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Қасымбек: Индустрия 4.0 ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімін 1,5%-ға ұлғайтады
Ж.Қасымбек: Индустрия 4.0 ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімін 1,5%-ға ұлғайтады
Министр Индустрия 4.0 үлкен деректердің (Big Data) талдауы, дербес роботтандырылған жүйелер, индустриалды интернет, аддитивті технологиялар (3D баспа) секілді алдыңғы қатарлы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ауқымды пайдаланудан тұратынын атап өтті.
Халықаралық сарапшылардың есебі бойынша түрлі елдерде Индустрия 4.0-ді енгізу ЖІӨ жыл сайынғы өсімін орта есеппен 1,5%-ға қосымша ұлғайтуға мүмкіндік береді.
«Индустрия 4.0 технологиясына көшу процесі әлем бойынша әлі бастапқы кезеңде келеді. Дамыған және тез дамушы елдердің басым көпшілігі өздерінің ұлттық цифрлы трансформация стратегияларын тек соңғы 3-4 жылда ғана іске асыруға кірісті (Германия 2011 жылы, АҚШ – 2012, Жапония, Қытай, Еуро одақтың басқа да елдері – 2014-2015 жылдары қабылдады). Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Индустрия 4.0 аясында әзірге бәрі толық өзгеріп кетеді, деген түсінік жоқ», - деді Жеңіс Қасымбек.
Өнеркәсіптердің жаңа стандартқа түбегейлі көшуі алдағы 10-15 жылға болжанып отыр
«Бізде бұл прцестен қалмаудың мүмкіндігі бар. Мұндағы мәселенің барлық қиындықтарына қарамастан, біз Индустрия 4.0 технологиясы Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер әкелетінін көріп отырмыз. Соның ішінде тиімділікті арттыру, жаңа бизнес пен экспортқа бағытталған өндіріс құру мәселелерін айтуға болады»,-деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрі.
ИДМ хабарлағандай, жыл басынан бері министрлік сәйкес шаралар бойынша бірқатар шараларды қабылдады.
«Осы сарапшылармен бірлесіп биылғы жылдың қыркүйек айына қарай өнеркәсіптің Индустрия 4.0-ге көшуге әзірлігі бойынша техникалық талдау жұмыстары аяқталады, ал жыл соңына қарай Үкіметтің тиісті қаулылары – 2025 жылға дейін Индустрия 4.0 элементтерін енгізудің қадамдық жоспары қабылданады», - деді Ж.Қасымбек.
Сонымен қатар, министрлік ERG, KazZinc, ArcelorMittal, Қазақмыс және басқа да жүйеқұраушы ірі компаниялармен жұмыс жүргізіп келеді.
«Бүгінгі таңда аталмыш кәсіпорындар өздерінің цифрлы жаңғыру жоспарларын дайындап, «ақылды кеніш» сияқты бағдарламаларын іске асыруға кірісіп кеткенін атап өткен жөн. Онда барлық деректерді талдау, алдыңғы қатарлы датчиктер мен сенсорлар, интеграцияланған ақпараттық жүйелер (ERP, MES), роботтандыру операциялары сияқты тағы басқа да технологиялар енгізілетін болады. Мысалы, ERG компаниясы алдағы 7-8 жылда шамамен 800 млрд. теңгенің цифрландыру жобасын инвестициялауды жоспарлап отыр»,-деп мәлімдеді министр.
Индустрия 4.0 әр сала бойынша жыл соңына дейін есеп береді.
Ақбота Күзекбай
Фото: Шыңғыс Қаппаров
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан