Ақмола облысында сирекжерлік металлдар өндірісі артады

21 Тамыз, 2017 19:54

Ақмола облысы әкімдігінен хабарлағандай, кәсіпорын 2017 жылдың наурыз айында іске қосылды. Желтоқсан айында 86 тонна өндірістік қуаттылыққа шығу жоспарланған.

Кәсіпорынның басшысы Эшмурат Пирматов хабарлағандай, бүгінде СЖМ 14,9 мың  кг оксиді өндірілді. Жалпы, болжам бойынша ағымдағы жылы 78 тонна өнім өндіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың тамыз айында «Сумитомо» корпорациясының акциясын «Қазатомөндіріс» ұлттық қазақстандық компания сатып алды. Бүгінде ол 100% үлеске иелік етіп отыр, осы ретте жобаға толыққанды қолдау көрсетіліп, оның одан ары дамуына жағдай жасалады. Компанияның Басармасымен кәсіпорынның жаңа бизнес-үлгісі мақұлданды.

Сонымен, 2016 жылы желтоқсан айында жалақы төлеу, салық және бюджетке төлеу бойынша мәселелер түбегейлі шешілгеннен кейін  бірқатар шаралар кешені жүзеге асырылды. Атап айтқанда, СЖМ тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріске өндіріс барысын барлау мақсатына техникалық аудит жүргізілді, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары үшін адамдар тартылды, жылу-энергоресурстарын жеткізу қамтамасыз етілді.

Бүгінде өндіріс ошағында 145 жұмысшы еңбек етуде. Орташа жалақы 184,1 мың теңге. 2017 жылдың соңына қарай штат құрамы 105 адамға дейін ұлғаяды. 

Барлық жаңалықтар