• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаржыландырудың жаңа шарттары кооперативтерден кепілдеме қажет етпейді – Қ.Байтөре

Қаржыландырудың жаңа шарттары кооперативтерден кепілдеме қажет етпейді – Қ.Байтөре

21 Тамыз, 2017 17:37
Арыс қаласында өңір кәсіпкерлерін бірігіп жұмыс жасауға шақыратын «Бірлік түбі – береке» атты ақпараттық түсіндіру акциясы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шара барысында «ОҢТҮСТІК» АИО Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре кооперативтерді қаржыландыру шарттары және оларға ұсынылатын жеңілдіктер туралы түсіндірді.

Сондай-ақ, кооперативтерге арнайы жеңілдетілген, яғни кооперативтерден кепілдеме және аванстық төлем талап етілмейтін қаржыландыру механизмі жасалынғанын, кооперативтер инвест-субсидия алу арқылы бизнесті жарты құнына құру мүмкіндігіне ие болатындығын жеткізді.

«Біз мемлекеттің ақшасын халыққа үлестірушіміз. Сондықтан жобаның негізгі мақсаты елдің тұрмысын түзеп, қосалқы жұмыс орындарын ашу болып табылады», - деді Қ.Байтөре.

Акция аясында «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылған «Synergy agro-trade» ауылшаруашылық кооперативінің Арыс қаласында атқарып жатқан жұмысы үлгі ретінде көрсетілді.

«Synergy agro-trade» ауылшаруашылық кооперативі биыл қаржы орталығынан несие алып, 6 трактор мен 8 аспалы құрал-жабдықтар сатып алған. Бүгінде сол техникалар арқылы ауылшаруашылық өнімдерін өсіріп баптаумен айналысатын шаруаларға қызмет көрсетуде.

Айта кету керек, «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығында кооперативтерді қаржыландыру лизинг формасында төмендетілген пайызбен (8 пайызбен) 84 айға дейін беріледі. Төлемнің демалыс мерзімі 24 айға дейін.

Барлық жаңалықтар