ШҚО-да туберкулезге қарсы жаңа диспансер салынады

21 Тамыз, 2017 16:38
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық бюджеттен туберкулезге қарсы диспансер құрылысына жер учаскесін сатып алуға қаржы бөлуді тапсырды.

Өңір әкімдігінде хабарлағандай,  облыстық тубдиспансердің  материалдық-техникалық базасы ескірген, сондықтан жаңа мекеменің  қажеттілігі туды. Медициналық мекеме  Ұлан ауданында орналасады. Емдеу мекемесі  200 орынға арналған,  облыста  туберкулезге шалдыққан адамдар саны азайды. Жер учаскесін сатып алу мәселесі шешілді.

 «Қазіргі таңда айтарлықтай проблема жоқ. Біз  49 млн теңгені туберкулезге қарсы  диспансерді Акимовка ауылында  салу үшін   жер учаскесін сатып алуға   бөлдік», - деді Даниал Ахметов.

Өңір басшысының айтуынша, соңғы  20 жылда Шығыс Қазақстанда туберкулезге шалдыққандар саны 5,4 пайызға қысқарды. 

Барлық жаңалықтар