- Басты
- Жаңалықтар
- ІІМ мен РФ бірлескен алқасы 2018 жылғы жұмыс жоспарын бекітті
ІІМ мен РФ бірлескен алқасы 2018 жылғы жұмыс жоспарын бекітті
ІІМ хабарлағандай, алқа отырысына Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов, Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі В.Колокольцев, сондай-ақ екі ел министрлерінің орынбасарлары,ҚР ІІМ және РФ ІІМ орталық аппараттарының басшылары, ТМД-дағы Ұйымдасқан қылмысқа және қылмыстың өзге де қауіпті түрлеріне қарсы күресті үйлестіру жөніндегі бюросының (БКБОП СНГ) директоры, осы бюроға Қазақстан Республикасынан тағайындалған өкіл, сондай-ақ жекелеген өңірлердің ІІД басшылары қатысты.
Жиында министрлер Бірлескен алқаның екінші отырысында қабылдаған шешімдердің сәтімен жүзеге асырылып жатқанын, соның ішінде шекаралық ынтымақтастық айтарлықтай арта түскенін атап өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей ішкі істер органдарының заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастығы жан-жақты қарастырылды. Осы мәселе бойынша Қазақстан мен Ресейдің шекералас өңірлерінде, дәлірек айтқандай Каспий теңізі аумағында жедел алдын алу операцияларын өткізу туралы шешім қабылданды.
Бұған қоса, тараптар заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығын ұйымдастыру, ұлттық заңнамалардағы өзгерістер туралы мәлеметтерді жедел алмасу және осы бағыттағы тиімді жұмыс тәжірибесімен бөлісуді жандандыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Отырыстың қорытындысында делегеция басшылары заңсыз есірткі айналымына қарсы күресте ведомствоаралық ынтымақтастықты жетілдіру, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықты ұйымдастыруға қатысты шешімдерге қол қойып, сонымен бірге Бірлескен алқаның 2018 жылғы Жұмыс жоспарын бекітті.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ішкі істер министрліктерінің Бірлескен алқасының келесі отырысы Қазақстанда өткізілетін болды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды